250 млн теңге: Қарағанды ​​облысының тұрғыны ірі көлемдегі инвестициялық субсидияны иемденіп кеткен

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы

Фото: kursiv.media

ҚМА баспасөз қызметі өңірлік департамент ірі көлемде инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлайды.

Субсидия ауыл шаруашылығы субъектісінің күн батареяларының жиынтықтарын сатып алу шығындарын өтеу үшін төленген.

Күдікті 2018-2020 жылдар аралығында Қарағанды ​​облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттар арқылы жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп отырған.

Осының нәтижесінде оған 250 млн теңге негізсіз төленген. Қарағанды облыстық ҚМА департаменті бұзушылықты анықтағаннан кейін, кәсіпкерге қатысты тергеу басталған.

«Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп жазылған ҚМА таратқан хабарламада.

Бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі екі айда 8 жоба бойынша бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз