
Қатты аязға байланысты Ақмола облысында полиция күшейтілген режимге ауысты. Бұл туралы polisia.kz баспасөз қызметі хабарлады.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ПД басшылығы 400-ден астам полицейді күшейтілген патрульдеуге бағыттады.
«7 желтоқсан сағат 18.00 шамасында температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель жанармайымен жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу енгізілетін болады»-делінген хабарламада.
Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескертуді тапсырды.