Лукойл Болгарияда өз бизнесін сату туралы мәлімдеді, деп хабарлады Коммерсант.
Ұйымның айтуынша, мемлекет аумағындағы компанияға қатысты «әділетсіз шешімдерді» ескере отырып, осы елдегі жұмыс жағдайларын қайта қарауға кіріскен.
Ресейлік кәсіпорын Болгария мен жергілікті жұмысшылар алдындағы барлық міндеттемені орындайтынын хабарлады. Сондай-ақ, Еуропа елінің инвестициялық климатына зиян тигізбейтінін атап өтті.
Болгария өз аумағы арқылы Ресейден Еуропаға газ транзиті үшін салық сала бастады. Жаңа төлем іс жүзінде Ресей Федерациясының көмірсутектерінің бағасын 25%-ға көтерді.