Ұлттық сұлулық байқауы экологиялық проблемаларға бет бұрып, «Болашақты қорғау» ұранымен өтеді

Жарияланды (жаңартылды )
«Қазақстан Аруы-2023» байқауына 25 ару қатысады / Байқаудың баспасөз қызметі

«Қазақстан Аруы-2023» Ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары Miss Qazaqstan-2023 сұлулық байқауына қатысатын 25 қызды таныстырды.

Көптен күткен «Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

Сайысқа қатысушыларға жасы 18-ден 25-ке дейін, бойы 165 см-ден жоғары, Қазақстан Республикасының азаматы, тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керек деген талаптар қойылған болатын.

Сонымен, финалға қатысатын арулардың аты-жөндері белгілі болды:

«Алина Имирова, Аяулым Әлімхалиева, Рабиға Насуруллаева, Аяулым Сәлімова, Севинч Тажибаева, Сабина Идрисова, Дарья Подгорная, Наталья Петри, Мадина Әлмұқанова, Аяна Нұрқасымова, Айша Нарымби, Тілекші Бисембаева, Ақтоты Жүнісбекова, Аделина Багумбаева, Айбарша Лекерова, Аяжан Жұмагереева, Диана Ербосын, Дарина Байдыбекова, Яна Полыгалова, Аружан Қуатбаева, Мадина Ещанова, Карина Бримжанова, Ботагөз Нұржігітова, Анна Зорина және Аружан Арыстан»-деді ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары.

Бұл жолы «Қазақстан аруы-2023» тұрақтылық пен планетамызға қамқорлық қағидаттарын қолдау және ілгерілету алаңына айналды. Осы ретте «Болашақты қорғау» девизі біздің байқаудың басты ұраны болып отыр.

«Қазақстан аруы» байқауының финалы — бұл әсем іс-шара ғана емес, сонымен бірге болашақты қалыптастырудағы экология мен технологиялық прогрестің маңыздылығын мәлімдеуге мүмкіндік беретін жоба. Сұлулық байқауының жеңімпазы 14 желтоқсан күні анықталатын болады. Жоба қағдасы бойынша 5 жеңімпаз таңдалып алынады:

«Қазақстан Аруы-2023»

«Ғалам Аруы Қазақстан-2023»

«Жер Аруы Қазақстан-2023»

«Вице Мисс Қазақстан-2023»

Miss People Choice Qazaqstan-2023. Айта кетейік, Miss People Choice Qazaqstan-2023 номинациясының жеңімпазын халық дауыс беру арқылы таңдайтын болады.

«Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық байқауы әлемдік 3 бірдей байқаудың лизенциаты болып табылады. «Әлем Аруы», «Ғалам Аруы», «Жер Аруы» деген ең үлкен байқауларға Қазақстан атынан тек біз ғана жібере аламыз. Биылғы жеңімпаздардың ішінен «Қазақстан Аруы-2023» – «Әлем Аруы 2024» байқауына жолдама алады, «Ғалам Аруы Қазақстан -2023» – «Ғалам Аруы 2024»-ке жолдама алады; «Жер Аруы Қазақстан-2023» иегері «Жер Аруы2024»-ке жолдама алады»-деді байқау ұйымдастырушылары баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ оқыңыз