Конституциялық Сот түрмеде өзін-өзін жарақаттағаны үшін қандай жағдайларда қылмыстық жаза қолданылатынын түсіндірді  

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы

Фото: shutterstock

Конституциялық Сот (ҚК) өзін-өзі жарақаттау, яғни түрмеде өзіне зиян келтіру үшін қылмыстық жазалау туралы бапты Конституцияға сәйкес деп тапты. Бұл туралы Конституциялық соттың хабарламасында айтылған.

Конституциялық Сот азаматтан келіп түскен өтініш бойынша Қылмыстық кодекстің (ҚК) 428-бабы үшінші бөлігінің және Қылмыстық-атқару кодексінің (ҚАК) 130-бабы екінші бөлігі 2- тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексерген.

Дауға негіз болып отырған қылмыстық-құқықтық ереже бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу мақсатында өзіне қандай да бір зақым келтіргені үшін жауапкершілікті көздейді.

Өтініш берушінің айтуынша, сотталған адамдардың өзіне қасақана зиян келтіруіне Конститутциялық құқығын, яғни  сөз еркіндігі мен өз пікірін білдіруді қорғау, сондай-ақ қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіру себеп болады.

Конститутциялық Сот өтініш беруші даулаған нормалардың конститутцияға сай келуін тексеріп, төмендегідей қорытындыға келген.

Яғни өзіне зақым келтіру актілерін жасау бас бостандығынан айырылған адамдардың өз қадір-қасиетін қорғау тәсілі ретінде қарастырылуы, сондай-ақ өз пікірін (наразылығын) білдіру құқығын іске асырудың мәжбүрлі нысаны болып табылуы мүмкін.

Осыған байланысты, тіпті заңмен бас бостандығынан айырылған адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын өзіне зиян келтіру актілерін қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы қорғау мүмкіндігін шектеуге Негізгі заңның 39-бабы 1-тармағының талаптарын мүлтіксіз сақтаған кезде жол беріледі.

Алайда себептерін, әсіресе, өзіне қасақана зақым келтіру мақсатын анықтау маңызды.

«Егер қасақана зақым келтіру қылмыстық-атқару жүйесі әкімшілігінің заңсыз талаптарынан туындап, ол азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған болса, қылмыс болып есептелмейді. Ал мақсат Конституцияда немесе заңда көзделген міндеттерді орындаудан жалтару болса, бұл жазаны өтеу тәртібін бұзу деп танылуы мүмкін»,  – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Конституциялық Сот өзінің қорытынды шешімдерінде,  құқыққа қарсы мінез-құлыққа қылмыстық сипат берумен байланысты мәселелерді шешу кезінде, қылмыстық заң нормаларының диспозицияларында құқықтық нұсқамалардың айқындылығы және олардың құқықтық реттеудің жалпы жүйесінде келісілу талаптары нақты сақталуы тиіс екенін атап өткен болатын (2023 жылғы 18 мамырдағы № 14-НҚ және 2023 жылғы 3 қазандағы № 31-НҚ нормативтік қаулылар).        

Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот ҚАК-тің даулы нормасы Конституцияға қайшы келмейді деп шешті, өйткені онда белгіленген жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзу, мекеме әкімшілігінің өкілдеріне бағынбау, оның ішінде өзіне қасақана қандай да бір зақым келтіру арқылы көрініс тапты. Бұл адамның заңда және мекеменің ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген міндеттерді орындаудан жалтаруға бағытталғандығын көрсетеді.

Сонымен қатар, ҚК-нің 428-бабын құқықтық талдау кезінде оны баяндаудың жекелеген кемшіліктері бар екендігі көрінеді, бұл екіұшты түсіну мен қолдануға алып келеді.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 428 бабының үшінші бөлігі Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танылды.

Сонымен бірге ол Үкіметке Парламент Мәжілісіне заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз