Екінші күн қатарынан «Курсив» сайтына боттар шабуыл жасап жатыр. IT бөлімі жағдайды қолға алды. Бірақ DDoS шабуылының ауыр жүктемесіне байланысты сайт кейде қол жетімді болмауы мүмкін.
Не болды. 6 желтоқсан күні кешкі сағат алтыға жуық «Курсив» веб-сайтына бот шабуылы басталды. DDoS шабуылы кезінде боттардың тым көп сұраныстары серверді шамадан тыс жүктеді.
Қазіргі жағдай. Бүгін, 7 желтоқсанда сайтқа бір уақытта екі жүзден астам қолданушыдан шамадан тыс сұраныс түсіп жатар.
Соңғы тәулікте сайтқа әлемнің түрлі елдерінен 401 млн-ға жуық сұраныс келіп түсті: Индонезия (146 млн), Ресей (105 млн), АҚШ (66 млн), Қытай (46 млн) және Германия (38 млн).
Бұл қанша тұрады. Әр түрлі бағалаулар бойынша, «Курсив» сайты сияқты ірі медиа жобаларға DDoS шабуылын ұйымдастыру қызметтері тәулігіне ондаған мың доллар тұрады. Мұның бәрі боттардың сұраныстарының санына байланысты.
Редакция бұрынғы режимде жұмыс істейді. IT бөлімі сайтты қорғау үшін барлық қызметті іске қосты. Сайт кейде қол жетімді болмауы мүмкін.