Мұнайдың 5 сессия қатарынан арзандауы қор нарығына ауыр соққы болып тұр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Фото: shutterstock.com

Сәрсенбі күні АҚШ қор индекстері мұнай, газ және кейбір ірі компаниялар акцияларының арзандауына байланысты төмендеді. Қазақстан қор биржасының сарапшылары Dow Jones Industrial Average 0,19%, S&P 500 0,39% және Nasdaq Composite 0,58% жоғалтты деп жазады.

Денсаулық сақтау, өнеркәсіп және коммуналдық қызметтерді қоспағанда, S&P индексіндегі 11 сектордың сегізі қызыл түсте жабылды. Мұнай бағасының 4%-ға арзандауы энергетикалық секторға ауыр тиіп, Exxon Mobil және Marathon Petroleum акциялары 1,3 және 3,8%-ға төмендеді. Ал Nvidia акциялары 2,3%, Apple, Microsoft және Amazon 0,5%-дан 1,6%-ға дейін жоғалтты. ADP есебіне сәйкес, жеке сектордағы жұмыс орнын құру қарқыны баяулап жатыр, ал жалақы екі жылдан бері өспеген.

Сәрсенбіде Еуропа қор нарығындағы акциялар біршама қымбатттады. DAX 0,8%-ға өсіп, рекордтық көрсеткіш 16,656-ға жетсе, Stoxx 600 0,5% қосты. Оған автомобиль өндірушілер мен тау-кен өнеркәсібі акцияларының 2%-ға өсуі себеп болған. Мұнай және газ компанияларының акциялары 1% жоғалтты. Оған нарықта сұраныстан ұсынысы артып кетеді деген қауіптен мұнай бағасының 5 ай қатарынан арзандауы негіз болды деседі. Merck акциялары склерозға қарсы дәрі соңғы сынақтан өте алмағаны жайлы хабардан соң, бірден 12% жоғалтты.

Жапонның Nikkei 225 индексі бейсенбі күні 32 825-тен 1,9%-ға төмендеді. Tokyo Electron (-2,3%), Advantest (-3,2%) және Renesas Electronics (-4%) сынды технологиялық компаниялардың акциялары құлдырады.

Shanghai Composite индексі бейсенбіде 0,3% азайып, 2,960-тан төмен түсті. Ірі технология және денсаулық сақтау компанияларының акциялары айтарлықтай арзандады: Tianqi Lithium (9,4%), Ganfeng Lithium (8,2%) және Jiangxi Special (5,5%).

KASE индексі 0,19 пайыз жоғалтып, 4224,47 тармақты құрады. БанкЦентркредит акциялары 1,2 пайыз қосса, «Қазатомпром» акциялары 1,3 пайыз жоғалтып, аутсайдерлер қатарынан табылды.

Мәскеу биржасының индексі сәрсенбі күні 1,59%-ға төмендеп, 3079,50 болды.

Сондай-ақ оқыңыз