Фото: kursiv.media
Астана қаласында жылу тарифі 25 пайызға қымбаттауы мүмкін. Елорданы жылумен қамтамасыз етіп отырған «Астана теплотранзит» компаниясы Табиғи монополияларды реттеу департаментіне осындай өтінішпен шыққан.
Монополист тарифті 25,2%-ға, яғни, энергия гигакалориясына 1466,83 теңгеден 1836,08 теңгеге дейін қымбаттатпақ.
Тарифті көтеруге 1,33 млрд теңгеге қосымша инвестиция тартылуы, «стратегиялық тауарлардың» бағасы қымбаттап, соның салдарынан компанияның 567,8 млн теңге шығынға батуы, жалақының өсуі және компания балансына 183,7 км жылу желілерін қабылдауы негіз ретінде көрсетілген.
Егер тарифті көтерілсе, Астана жылу желілері мен жабдықтарының тозуы 54,4-тен 53,8%-ға дейін темендейді екен.
Тарифтің қаншалықты қымбаттайтыны департамент шешімінен кейін бегілі болады.