Қазіргі таңда Қазақстан IT-қызметті қай елдерге экспорттайды?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2023 жылғы 1 қыркүйекте IT-қызметтер экспортын 2026 жылға дейін 1 млрд долларға дейін жеткізуді тапсырған еді.
Осы тапсырмаға сәйкес Министрлік ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы жағдайлар мен тиісті құралдарды жасайды.
Отандық -қызметтердің экспорты 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 247,3 млн долларды құрады. Бұл туралы «Курсив» жолдаған сауалға Цифрлық даму министрлігі тарапынан берілген жауапта айтылған.
2021 жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтердің экспорты – 60,07 млн доллар, ал 2022 жылы – 337 млн долларды құрады.
Ақпаратқа сәйкес, еліміздегі компаниялар негізінен келесі елдерге IT-қызметтерді экспорттайды: Америка Құрама Штаттары (8,71%), Біріккен Араб Әмірліктері (3,67%), Кипр (2,65%), Нидерланды (1,51%), Ресей Федерациясы (1,72%), Ұлыбритания Біріккен Корольдігі (1,09%), Германия (1,02%), Испания (1,54%), Ирландия (8,64%), Канада (0,19%).
«Сонымен қатар, бүгінгі күні Министрліктің ведомстволық ұйымының қатысушылары «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі 1342 IT-компанияны тіркеді. Оның ішінде шетелдік қатысуымен – 377, қатысушылардың жиынтық табысы 625 млрд. теңге, оның ішінде экспорт көлемі 230,07 млрд. теңгені құрады Технопарктегі IT-қызметтер мен өнімдердің негізгі экспорттаушылары EPAM Kazakhstan, Jusan Mart, 1Fit, Aviata, ogames және тағы басқалары», делінген жауапта.
Қай аймақта IT экспортынан кіріс көп. Бұл жерде IT-компания үшін міндетті географиялық орынға тікелей сілтеме жоқ екенін атап өткен жөн. Өйткені қызметті әлемнің кез келген нүктесінен жүзеге асыруға болады.
Қазақстанның IT-саласының ерекшелігін және мамандардың жан-жақтылығын ескере отырып, министрлік біздің отандық цифрлық шешімдер салыстырмалы түрде бейімделгіш екенін және қолайлы деп сенімді түрде айтуға болатынын атап өтті.