Қазан айында корпоративтік депозиттер өсті. Бизнестің ақшасы қай банктерге бұйырды?

Жарияланды
"Қаржы" бөлімінің редакторы
Күндізгі жаңалықтар редакторы

Фото: shutterstock

Қазан айында қазақстандық компаниялардың екінші деңгейлі банктерде орналастыруға бос ақшалары пайда болды, дегенмен осы жыл бойы бизнес ресурстары негізінен кері бағытта – банктерден клиенттерге ауысқан болатын. «Курсив» қазандағы корпоративтік ақша ағыны қай банктерге бұйырғанын зерттеп көрді.

Заңды тұлғалардың салымдары

Банктердің қазан айындағы статистикасында корпоративтік клиенттерден келген ақша ағынының жоғары (осы жыл үшін) болғанын көруге болады. Ұлттық банктің жаңадан жарияланған мәліметтерінде ЕДБ шоттарындағы заңды тұлғалардың қаражатының жиынтық көлемі бір айда 3,5%-ға немесе 480 млрд теңгеге өскені жазылған. Бұған дейін төрт ай қатарынан көрсеткіш біресе төмендеп, біресе тұралаған болатын. Ал жалпы қаңтар мен қыркүйек аралығында кәсіпкерлер банктерден нетто-негізде 802 млрд теңге шығарған. Қазан айындағы өсім алдағы айлардағы ақша ағынының орнын жабуға жеткен жоқ, алайда көрсеткіш динамикасы 10 айдың қорытындысы бойынша үш тоқсанда  5,5%-дан 2,2%-ға жақсарған.

Корпоративтік қаражаттың (теңгенің долларға қатысты бағамының 1%-ға нығаюы негізінде) қазан айындағы жиынтық өсімінің үштен екісі Халық банкке тиесілі, бұл банктің портфелі бір айда 318 млрд теңгеге артқан. Ал қалған өсімді негізінен Ситибанк (+63 млрд), БЦК (+54 млрд), Forte (+35 млрд) және  Bereke (+32 млрд) банктің бизнес-клиенттері қамтамасыз еткен. Бұл ретте сегіз ойыншы теріс динамика көрсетіп отыр. Ақша ағыны көп шыққан банк Bank RBK (–71 млрд). Онсыз да банк портфелінде қаражаты аз ВТБ (тек Хоум Кредита, Al Hilal және Заман банкте аз) 18 млрд жоғалтты. Ал қалған ойыншылардың корпоративтік ақша ағыны айтарлықтай емес.

Жыл  басынан бергі аралықта заңды тұлғалардың банктегі қаражаты  2,2% немесе 322 млрд теңгеге қысқарған. Дегенмен бұған қарамастан, он шақты банк бизнес-салымшылар портфелін өсіре алған. Ең жақсы көрсеткіш корейлік Шинхан банкте, бұл банктің корпоративтік портфелі 10 айда 396 млрд теңгеге толыққан. Одан кейінгі орындарда БЦК (+282 млрд), мемлекеттік банк Отбасы (+110 млрд) және Forte (+93 млрд). Қытайлық ТПБ (+57 млрд) мен түріктің КЗИ (+28 млрд) банкі де біршама өскен. Санкция астындағы ВТБ қазан айындағы ақша ағынына қарамастан, әлі де өсім көрсетіп отыр (+19 млрд).

Керісінше, рейтингтегі ең нашар көрсеткішті мемлекет меншігіне айналған Bereke (–347 млрд тенге) көрсетіп отыр. Корпотативтік салымның азаюынан және шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелердің артуынан банктің қарыз жүктемесінің құрылымы күрт өзгерді. Банкті қандай да бір «Катар инвесторына» сату аясында қарызды айырбастау туралы шешімді «Бәйтерек» бас холдингі шығарған болу керек.

Аутсайдерлер тізіміндегі екінші орынды Халық банк (–321 млрд теңге) тұр. Бір ай бұрын Халық банк секторда нашар динамика (–639 млрд)  көрсеткен, бірақ та қазан айында банкке келген жоғары ақша ағынының арқасында төменгі орыннан көтерілу мүмкін болды. Халық банктің  тоқсан сайынғы есебінде салалар бойынша банкте орналастырылған мұнай-газ кәсіпорындарының  (үш тоқсанда –325 млрд теңге), телекоммуникациялық компаниялар (-200 млрд) және қаржылық ұйымдардың (-262 млрд) қаражаты едәуір азайған. Қаржылық ұйымдардың орналастырған қаражаты жайлы айтар болсақ, тараптармен байланысты операцияларды ашудан барлық ақша ағыны АЛМЭКС негізгі тобымен (Құлыбаевтар отбасы осы топ арқылы елдегі ең ірі банкті бақылауда ұстайды) қалыптасқанын көруге болады, олардың Халық банк шотындағы қалған ақшалары бірден 269 млрд теңгеге (жыл басындағы 435 млрд теңгеден 1 қазанда 166 млрд теңгеге дейін) азайған.

Корпоративтік ақша ағыны ең жоғары болған банктер үштігін Bank RBK (10 айдың қорытындысы бойынша –285 млрд теңге) тұйықтайды. Банктің өз есебіне сүйенер болсақ, биылғы жылдың басында банк портфелінде оның ішінде 174 млрд теңге болатын «мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың» ақшасы жатқан. Салымшыларды салалар бойынша бөлгенде мемлекеттің жоғарыда айтылған ақшаға қандай да бір қатысы бар екені айтуға келмейді, 172 млрд теңге «қорлар мен қоғамдық ұйымдарға» тиесілі екенін көреміз. Әңгіме бір ірі депозит және сәйкесінше бір ұстаушы-қор жайында болуы әбден мүмкін. 1 қазандағы жағдай бойынша бұл салым (әлде салымдарда) сомасы 63 млрд теңгеге дейін азайған, яғни қор (немесе қорлар) 110 млрд теңгені шешіп алған. Ал қазан айындағы 71 млрд теңге корпоративтік ақша ағының себебі де осы болуы мүмкін. Яғни осы айда қор (немесе қорлар) депозиттегі қалған ақшаны алып кеткен болуы керек.

Тағы қалған үш банк (Jusan, Сити, Алтын банктің) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен 10 айда 100 млрд теңгеден астам жоғалтқан. Жоғарыда аты аталған алты ойыншы ішінен қаражат көлемі ең көп азайған банктер қатарында Bereke (жыл басынан бері –40% ) және Bank RBK (–32%) бар, ал ең азы – Халық банкте (–6%).

Жеке тұлғалардың салымдарды

Қазан айындағы банктердегі халықтың салған ақшасы болар-болмас қана 0,7%-ға немесе 123 млрд теңгеге өскен. Осы өсімнің үштен екісі (61,6%) жеке шоттар мен салымдар портфелі 76 млрд теңгеге артқан Kaspi клиенттерінікі. Сондай-ақ қарапайым халық ақшасын Халык (бір айда +45 млрд ), Bereke (+25 млрд), Jusan (+11 млрд) және Хоум Кредит (+10 млрд) депозиттеріне салған. Ақша ағыны бар жалғыз банк ол Евразиялық банк (–47 млрд) болды. Қалған банктерде кері динамика шамалы ғана, оған жеке тұлғалардың ақшаны алуы емес, бағамды теріс қайта бағалау әсер еткен болуы мүмкін.

10 айдың қорытындысы бойынша халықтың банктегі шоттарына 1,8 млрд теңге қосылған, яғни 10,8%-ға өскен. Тап осы өсімнің тең жартысы (48,6% немесе 892 млрд теңге) Kaspi клиенттеріне тиесілі. Kaspi биыл халықтың шот пен депозит ашу нарығы бойынша ешқай банкке дес бермей тұр. Мұндай қарқынмен Kaspi жеке қор жинау көлемі бойынша Халық банкті басып озатын күнде алыс емес сияқты. Жылдың басында екі ірі банк арасындағы айырмашылық 1,4 трлн теңге болып, Халық бір саты жоғары тұрған-тын. Ал 1 қарашада бұл аралық 640 млрд-қа дейін қысқарды.

Рейтингте көшбастап тұрғандар Евразиялық банк (жыл басынан бері +169 млрд теңге), Bereke (+154 млрд), Freedom (+138 млрд) және БЦК (+104 млрд), олардың ізін іле Отбасы (+96 млрд) және Халык (+94 млрд) тұр. Хоум кредит портфелі 77 млрд теңгеге артқан. Ал қалған ойыншылар болса шамалы ғана сома қосылғанын көрсетіп отыр. Оның жартысы банктердің өзінің сыйақы аударуы есебінен қалыптасқан Forte (+34 млрд), Jusan (+19 млрд), Bank RBK (+18 млрд), Нұрбанк (+17 млрд). 

Салыстырмалы мәнде ең жақсы қарқынды (санкция астындағы ВТБ-+ның болар болмас бастапқы базасын есептемегенде) Bereke (+75%), Freedom (+45%) және Хоум Кредит (+35%) көрсетіп отыр. Екі ірі ойыншы Халық пен Kaspi портфелдері тиісінше 2 және 24%-ға өскен.

Жекелеген ақша ағынына жол берген банктер жайлы айтар болсақ, онда олардың саны үшеу. Оның екеуінің (корейлік Шинхан және исламдық Заман банк) халықтың салымдары нарығында айтарлықтай «салмағы» жоқ. Көрсеткіштің теріс динамикасы бар жалғыз әмбебап ойыншы – Алтын банк(-1,5 млрд теңге).

Кредиттер: динамика

Сектордың жиынтық қарыз алушылары қазан айында 1,2%-ға немесе 337 млрд теңгеге өскен. Ең нашар динамика биылғы жылы тек қаңтар (–0,5%) мен ақпанда (+0,6%) болды. ҚНРДА мәліметі бойынша, қазан айында жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздың 2,3%-ға өсуі есебінен 1,9%-ға артқан. Коммерциялық несиелендіру баяу жүрді. ШОБ пен ЖК-ға берілген қарыз 1,4%-ға, ал ірі бизнес 1,0%-ға өскен. Жыл басынан бергі аралықта корпорацияның портфелі 1,0%-ға  төмендеген. Реттеуші корпоративтік секторға несие беру қарқынының баяулауы қарыз қаражатының құны жоғары, әсіресе, ұзақмерзімді кредиттердің пайызы жоғары болуымен, сондай-ақ 2023 жылдың маусым қазан аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың тоқтағанымен байланыстырады. Қазан айында бизнеске берілетін кредит бойынша орташа сараланған мөлшерлеме қыркүйекпен салыстырғанда 1,9 п.п төмендеп,  19,2%-ды құрады.

Қазан айында ЕДБ аралығында қарыз алушылар санының айтарлықтай өскенін Халық банктен (бір айда +134 млрд теңге) көреміз. Одан кейін Forte (+91 млрд), Kaspi (+74 млрд) және БЦК (+63 млрд). Қазан айындағы жиынтық өсімнің 88%-ы осы төрт банктің қанжығасында. Ал Bereke (+28 млрд), Freedom (+20 млрд), Евразийский (+19 млрд), Хоум Кредит (+18 млрд) және Алтын банк (+16 млрд) бірсарынды деңгейде қалған. Осыған қоса үш әмбебап банк төмен дәреже көрсетті. Ең нашар динамика Bank RBK-те (–39 млрд), ал Jusan (–12 млрд) және Нұрбанк (–10 млрд) айтарлықтай төмендеді.

10 айдың қорытындысы бойынша жиынтық қарыз алу 14,6%-ға немесе 3,5 трлн теңгеге өсті. Ең белсенді кредит беруші банктер рейтингінде Халық банк (жыл басынан бері +874 млрд теңге), БЦК (+727 млрд) және Kaspi (+718 млрд) үштігі «шаң жуытпай» келеді. Үш банк қосылып секторды 66%-ға өсірген. Ал рейтингтің екінші орнына Freedom (+290 млрд), Forte (+258 млрд) және Евразиялық банк (+242 млрд) тұрақтады. Мемлекеттік банк Отбасы банктің тұрғын үй қарыздары портфелі 179 млрд теңгеге, Хоум Кредиттің бөлшектік кредиті 144 млрд теңгеге өсті. Салыстырмалы түрде жоғарыда аталған ойыншылардың арасында ең жақсы динамика Freedom (+96%) көрсетті. Халық, BCC және Kaspi (абсолюттік өсім бойынша көшбасшы) портфельдерін тиісінше 11, 35 және 21%-ға ұлғайтты.

Bereke (+22 млрд), Алтын (+14 млрд), Нұрбанк (+12 млрд) және Bank RBK (+5 млрд) кредит беруде аса белсенділік танытпайды. Динамика бойынша қарайтын болсақ, үшеуі корейлік Шинхуан (+25 млрд) және түріктің КЗИ-нен (+16 млрд) төмен. Қарыз беруде портфелінің көлемі азайған банктер – Al Hilal, Сити және ВТБ. Бұларды отандық несие беру нарығында маңызы бар банктер деуге келмейді.

Жалпы қайтарылмай жатқан берешек қазан айында 16 млрд теңгеге, жыл басынан бері 107 млрд теңгеге өсті, бұл ретте NPL үлесі 1 қаңтардағы 3,36%-дан 1 қарашадағы жағдай бойынша 3,29%-ға төмендеді. Қазан айында Еуразиялық банктегі қайтарылмай тұрған несиелер айтарлықтай өсті (айына +12 млрд теңге), бірақ 10 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш алғашқы үштікке кірген жоқ. NPL бойынша ең үлкен өсім Халықта (жыл басынан бері +59 млрд теңге), Kaspi (+27 млрд) және Forte (+18 млрд) банкте байқалады. Сонымен қатар, Халық сектордағы ең төменгі NPL деңгейлерінің біріне ие (2,28%), ал Kaspi және Forte-де бұл тиісінше 4,95 және 4,72%.

Сондай-ақ оқыңыз