Қатерлі ісікке қарсы дәрі шығаратын компанияның акциялары 150% өсті

Жарияланды
Intensity Therapeutics акциялары 150 пайыз қосты. Фото: REUTERS/Mike Hutchings//File Photo

Сүт безі обырын емдейтін дәрі-дәрмек өндіруші Intensity Therapeutics компаниясы осы бағыттағы зерттеу нәтижесін ұсынғаннан кейін, оның акциялары 2,5 есе өсті. Зерттеу нәтижесі бойынша, обыр жасушаларының белсенділігі 95 пайызға төмендеген. Intensity Therapeutics биыл маусым айында Freedom Capital Markets андеррайтингімен IPO өткізген болатын.

2023 жылдың 8 желтоқсанында Сан-Антониода өткен форумда Intensity Therapeutics ерте сатыдағы сүт безі қатерлі ісігін емдеуге қатысты зерттеудің II кезеңінің оң нәтижесін ұсынды. Атап айтқанда, компания терапиясы сүт безі ісігі некрозының жоғары қарқынын байқатқан: кейбір науқастарда ісік некрозы 95%-дан асқан. Яғни бұл дәрі қатерлі ісік жасушаларын операцияға жеткізбей өлтіруге қауқарлы.

«Сүт безі обырын емдеудегі негізгі қиындықтың бірі – бұл ауру кезінде науқастың иммунитеті қатты төмендеп, иммунотерапияға қарсы күресі әлсірейді. Жаңа препарат бұл мәселені көптеген ерекше әсер ету механизмі арқылы шешуге көмектеседі», – дейді Оттава университетінің хирургия профессоры Анхель Арнаут. Ол жаңа препарат «сүт безі обырын және басқа да көптеген қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай ілгерілегенімізді байқатады» деп атап өтті.


Зерттеу нәтижесі компания бағасына әсер етті.

«INVINCIBLE зерттеуінің II кезеңінің сәтті аяқталуы жұмсақ тіндердің саркомасы, операция алдындағы сүт безі обыры және TNBC белгілері INT230-6 сәтті коммерциялау туралы көзқарасымызды жақсартуға мүмкіндік береді Ол өз кезегінде INTS акциларының әділ құнын бағалауға әсер етеді. Осы ретте INTS мақсатты бағасын 10 доллардан 16 долларға дейін көтеріп және сатып алуды ұсынып отырмыз», – деді Freedom Finance.

Бұл шығарылым андеррайтері Freedom – қазақстандық халықаралық компания ұйымдастырған алғашқы шығарылым.

Компания 2012 жылы құрылған. Бес жылдан кейін компания обыр жасушаларын жоюға бағытталған жаңа препаратты ұсынды. 2017 жылдан бері 200-ден астам пациент екі клиникалық зерттеуге тіркеліп, қазіргі кезде зерттеудің келесі кезеңін бастау жоспарланған.

Сонымен қатар компанияның қаржы нәтижесі әлі теріс болып тұр. Дегенмен бұл өз препараттарына зерттеу жүргізетін компанияларға тән құбылыс. 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған ІІІ тоқсандағы таза операциялық шығын былтырғы сәйкес кезеңіндегі 1,8 млн доллармен салыстырғанда 2,3 млн долларды болды. 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қолма-қол ақша, ақша қаражатының баламасы және сатылатын бағалы қағаздар құны шамамен $15,6 млн құрады. Компания 2025 жылдың екінші жартыжылдығына дейін ағымдағы операцияларды қаржыландыруға жеткілікті қаржыға ие болады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз