Жаңалықтар

Аяз түскелі елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі артқан

Работа линии электропередачи Экибастуз-Агадырь восстановлена

Фото: kursiv.media

8 желтоқсандағы жағдай бойынша, республикада электр энергиясын тұтыну 351,16 млн кВт/сағ құраған. Ал өндірілген элект қуаты тұтыну көлемінен сәл-ақ асады: яғни 360,99 млн кВт/сағ. Бұл дерек KOREM-тің күнделікті мәліметінде көрсетілген.

Ал жыл басынан бері тұтыну көлемі өндірістен асып түскен: 2023 жылы 104,7 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілсе, пайдаланылған көлемі 106,5 млрд кВт/сағ құраған.

Елімізде аязды күндерге дейін электр қуатын тұтыну көлемі біршама аз болған. 6 желтоқсанда 345,44 млн кВт/сағ өндірілсе, 345,87 млн ​​кВт/сағ жағылған. 7 желтоқсанда бұл көрсеткіш сәйкесінше 355,19 млн кВт/сағ пен 350,75 млн кВт/сағ құрады. Тұтыну көлемінің артуы энергетика өндірісті арттыру мүмкіндігі таусылғанын байқатады.

Елдегі энергия тапшылығы әдетте Ресейден электр энергиясын импорттау есебінен жабылады. Бұған дейін KEGOC ресейлік электр энергиясының 1 кВт/сағаты орташа есеппен 26 теңгеден сатып алынатынын мәлімдеген.

«KEGOC» АҚ болжамына сәйкес, алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымында электр қуатының тапшылығы 1,5 ГВт жетеді (2023 жылдың желтоқсанында және 2024 жылдың қаңтарында ол 1 460 МВт құрайды). Қуат тапшылығы қазан айында 895 МВт құраса, қарашада бірден 1,3 ГВт-қа дейін өскен.