Шығынға батқан «Семей машина жасау зауыты» 90 млн теңге жалақы қарызын өтеуге тиіс
Фото: kursiv.media
Абай облысының прокуратурасы шығынға батқан «Семей машина жасау зауыты» қызметкерлерінің 9 ай бойы ала алмай жүрген жалақысын өндіріп бермек. 2022 жылдан бері оңалту процесіне өтіп жатқан кәсіпорын қызметкерлері алдындағы 90 млн берешегін өтеуге тиіс.
«Облыс прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы қарызы өтелді.Атап айтқанда, Еңбек Кодексінің талаптарын бұза отырып, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген.Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды», – делінген хабарламада.
Компанияның былтырғы тексерілген қаржылық есебінде 2022 жылдың 7 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Семей машина зауытында оңалту рәсімі басталғаны жазылған.
Компанияның кредитор алдындағы 1,2 млрд теңге қарызын өтеу кестесі келісілген: 2022 жылы – 31,4 млн теңге, 2023 жылы – 135,1 млн теңге, 2024 жылы – 455,7 млн теңге, 2025 жылы – 301 млн теңге, 2026 жылы – 301,2 млн тенге өтеуі тиіс болған. Алайда 2023 жылғы 23 ақпанда қарыз сомасы 1,36 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Нәтижесінде қарыз кестесі: 2022 жылы – 22,8 млн теңге, 2023 жылы – 188,6 млн теңге, 2024 жылы – 431 млн теңге, 2025 жылы – 301 млн теңге және 2026 жылы – 419,1 млн тенге деп бекітілген. Машина жасау зауытының басшылығы қарызды өтеуге жететін қаржы бар деп есептеген.
Компания 2021 жылы 1 млрд теңге шығынға батса, 2022 жылы 139,5 млн теңге шығын алған. Былтыр жыл соңында жалпы жинақталған шығын 2,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл ретте компанияның кірісі 2021 жылғы 475,3 миллион теңгемен салыстырғанда 595,9 миллион теңгеге дейін өсті.