Жаңалықтар

Екібастұз жылу электр орталығында апат болды

Фото:«ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС

10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да ақау шықты. Бұл туралы «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС хабарлады.

«10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭС-тің күл шығаратын құбырында ақау анықталды. Сағат 05.30-да зақым жойылды.

Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Екібастұз ЖЭО мен Екібастұз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онымен қоса, станцияның багер сорғысын ауыстырып, одан әрі іске қосу үшін резервті қозғалтқыш дайындалды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14) жұмыс істеп тұр. Оның ішінде су жылыту цехының 3 қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеп тұр.

Жеткізу температурасы 70 градус. Гидравликалық қысым бекітілген режим аясында қамтамасыз етілген: жеткізілімде 9 кг және қайтарымда 1,5 кг.

«Алдағы сағаттарда багерлік сорғыны іске қосу жұмыстары аяқталады, содан кейін кестеге сәйкес көмірдегі су жылыту қазандықтарының стандартты жұмысы қамтамасыз етіледі», – делінген хабарлмада.