Қазақстан тұрғындары маңызды мерекеге байланысты үш күн қатарынан демалады. Яғни, 16-18 желтоқсан аралығында.
Қазақстан халқы желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18-і күндері демалады. Өйткені мереке күні 16-сы сенбіге сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып белгіленген. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.
Жылдың соңы, яғни желтоқсанның 30-31 күндері сенбі-жексенбіге тура келеді.
Желтоқсан айында барлығы 11 демалыс күні бар.
Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.
Содан кейін 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.