Жаңалықтар

Елімізде жаңа тұрғын үй  бағасы 7 жылда бірінші рет арзандады

Фото:fpl.kz

Қараша айында Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 491 мың 985 теңге болды. Бұл қазан айымен салыстырғанда 0,7% – ға төмен. Бір айлық деңгейде бағаның бұлай төмендеу қарқыны жеті жылда бірінші рет болып тұр. Бұл туралы ҚР СЖжРА ҰСБ деректерінен көре аламыз.

Жалпы алғанда, жаңа тұрғын үйдің арзандауы– Алматы, Ақтөбе және Шымкентте байқалады.

Бірақ ҚР бойынша қолданыстағы тұрғын үйлердің құны өткен айға қарағанда өсті. Қараша айында 1 шаршы метр- 493 мың 552 теңгеге жетті.

Елімізде тұрғын үйді жалға алу да қымбаттады. Жалпы Қазақстан бойынша көрсеткіш 1 ш.м. үшін-4828 теңгеге жетті. Бұл бір ай бұрынғыдан 0,2% – ға артық.