Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілді

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:qmonitor.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы мәлімдеді.

Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілді

«Осы Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі –
Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
(бұдан әрі – Кодекс) 90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және
«Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы субъектілерге
келіп түсетін петицияларды тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды»-делінген хабарламада.

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арыз иесі – Кодексте белгіленген тәртіппен петицияны берген Қазақстан
Республикасының азаматы;

2) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға
электрондық құжат нысанында жіберілген және Кодексте белгіленген тәртіппен
қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;

3) субъект – олардың құзыретіне сәйкес петицияларды қарау жөніндегі
өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орган;

4) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы
саласындағы уәкілетті орган;

5) «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі – арыз иесі сол
арқылы петицияны беретін ақпарат жүйесі.

Петицияны тіркеу тәртібі

  1. Субъектінің атына келіп түскен петиция «Электрондық жолданымдар»
    ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде тіркелуге тиіс.
  2. Петицияны тіркеу субъектіге келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні
    ішінде жүзеге асырылады.
  3. Петицияның тіркеу нөмірі бастапқы тіркеу кезінде тұтас тәртіппен тек бір
    рет беріледі және әріптік индекстен, сондай-ақ бірегей нөмірден тұрады.
  4. Петиция үшін «П» әріптік индексі беріледі.
  5. Бірегей нөмірде алғашқы төрт сан тіркелген жылды, келесі сегіз цифр
    реттік нөмірді білдіреді.
  6. «Е-петиция» модулінде петицияны тіркегеннен кейін арыз иесіне
    петицияның бірегей нөмірін қамтитын хабарлама жіберіледі.

«Тіркелген петицияларды есепке алу, сондай-ақ статистикалық ақпаратты
қалыптастыру «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Епетиция» модулінде автоматты түрде жүзеге асырылады»-делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз