Қалың қар: Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы ТЖД-ті алматылықтарға ауа райының бұзылуына байланысты үндеу жасады.

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне байланысты Алматы қаласы ТЖД 12 желтоқсан күні түнде қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түсетінін хабарлайды. Азаматтарды тауға шықпауға, сондай-ақ 112-қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауын өтініп сұраймыз. Автокөлік иелеріне көлігін ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға кеңес береміз» делінген хабарламада.

ТЖД көлікті ең қауіпсіз орын тауып не болмаса арнайы тұраққа қойған дұрыс екенін айтады.

Айта кетейік, Алматыда күн суытып, көктайғақ болады: «Қазгидромет» көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырды.

Сондай-ақ, ауа-райы бұзылғандықтан, еліміздегі ЖЭО-да ауқау болды. Энергетика министрлігі Қазақстан ЖЭО-ларындағы апаттарға қатысты түсініктеме берді.

Сондай-ақ оқыңыз