Жаңалықтар

Ішкі істер министрі 2 полиция капитанының жасөспірім қызды зорлағанын растады

Алматыда полиция қызметкерлері 14 жастағы қызды зорлады/ Фото: shutterstock және polisia.kz

Ішкі істер министрі 2 полиция капитанының жасөспірім қызды зорлағанын растады.
Алматыда полиция қызметкерлері 14 жастағы қызды зорлады. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады.

«Алматыда 2 полиция капитаны 14 жасар жасөспірім қызды зорлады деген фактіні растайсыз ба? Бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?» – деп сұрады тілшілер министрден.

Ержан Сәденов мұндай факті болғанын растады және оқиғаға қатысты шұғыл қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік комиссияның отырысы өткенін мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Бұл қылмысты полиция қатарында жұмыс істеген адамдар жасады. Олар қызметтерінен босатылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр», – деді Ішкі істер министрі Мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Тілшілер министрден «жасөспірім қызға жәбір көрсеткен полиция қызметкерлері қылмыс жасау кезінде Ішкі істер органдарының қатарында болды ма» деп сұрады. «Иә, бұл ақпаратты растаймын», – деп жауап берді Ержан Сәденов.