Қостанайда газ жарылысынан опырылып құлаған үйдің астында адамдар жатыр
Қостанай қаласының Амангелді кентінде газ жарылып, бір қабатты үй опырылып құлады
Үйіндінің асында 7 адам қалды. Оның екеуі құтқарылып, біреуінің денесі табылды.
Бір адамның аяғын бетон плита басып қалған.
«Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан жүк көліктерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат құлады. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Жарылыстан зардап шеккен 12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінді.
Құтқарушылар үйінді астынан тағы 2 адамды алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, үйінді астында қалған адамды құтқару үшін авариялық-құтқару жұмысы жалғасып жатыр.
«Камазцентр» аумағында газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабар түсті. Ғимарат опырылып құлады. Сағат 15:00-де үйінді астынан 3 адамды алып шықтық. Оның біреуінің жағдайы ауыр. Оқыс оқиғадан 12 адам зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілді. Екеуі үйіне жіберілді, қалғаны әлі ауруханада. Жұмыс берушілердің тізімі бойынша үйінді астында 3 адам болуы мүмкін. Ұйымға қатысы жоқ тағы қанша адам бар екені белгісіз. Яғни оар клиенттер болуы мүмкін. Жұмыс жүріп жатыр. Кәсіпорынның қандай қызмет көрсеткенін қазір айта алмаймын. Мүмкін көлік жөндеу. Ұйым басшылығының тізімі бойынша олар 3 қызметкерді есепке алмаған», – деді тілшілерге Қостанай облысы ТЖД басшысы Қайрат Қасым.
Ол үйінді астында қалған адамдардың денсаулығына зиян, өміріне қауіп төндірмеуге басымдық берілетінін баяндады.
«Кран орнату үшін плацдарм әзірлеу жұмысы жүріңп жаптыр. Үйінді астында қалып қойғандарға зиян келтірмеу үшін күрделі айла-шарғы жасамаймыз. Күрделі жұмыс қолмен атқарылады», – деп түсіндірді ТЖД басшысы.
Қайрат Қасым бір адамның аяғын плита басып қалғанын айтты.
«Қабырғаны шатыр тіреп осының есебінен құламай тұр. Бұл жағдай құтқару жұмысын қиындатады», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.