Мемлекет басшысының Жарлығының жаңа редакциясында Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертіледі.
Қорғаныс министрлігі «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын дайындаған.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі атауынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» сөздері алып тасталады», делінген хабарламада.
Президент Жарлығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 27 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Айта кетейік, осыған дейін «Елбасы» cөзі әскери жоғары оқу орнының атауынан алынады: Сенат заңды мақұлдады деп хабарлаған болатынбыз.