Halyk Finance KASE және AIX бірлестігін қолдайды

Жарияланды
Объединение KASE и AIX
Фото: shutterstock и wikimedia commons

Halyk Finance сарапшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың KASE және AIX биржаларын біріктіру жөніндегі тапсырмасын қолдайтынын айтты. Сарапшылардың пікірінше, екі қор биржасы бірдей қызмет атқарады. Яғни екеуі де отандық эмитенттердің бірдей бағалы қағаздар жиынтығымен жұмыс істейді. Бұл туралы Halyk Finance баспасөз қызметінде хабарлады.

«Ал мұндай жағдай Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуына айтарлықтай зиян тигізеді», – деді Halyk Finance сарапшылары.

2015 жылы AIX құрылған сәтте ол біртіндеп Орталық Азия, ЕАЭО, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің нарықтары үшін халықаралық алаң және хабқа айналады деп жоспарланды.

«Толыққанды аймақтық қаржы орталығына айналу ұзаққа созылды. Ал бір шағын отандық нарықтағы екі биржа – бұл тым артық», – дейді Halyk Finance.

Экономистердің пікірінше, биржаларды біріктірудің екі негізгі нұсқасы ғана бар.

Қор нарығының бірінші сегменті Қазақстан заңнамасы саласына бағытталған. Онда бағалы қағаздар, операциялар, сондай-ақ нарықтың лицензияланатын кәсіби қатысушылары АРРФР-мен реттеледі. Ал ол өз кезегінде Қазақстанның бүкіл қаржы жүйесін реттейді, деп жазады Halyk Finance. Қазақстанның қор нарығының оффшорлық деп аталатын екінші сегменті АХҚО – ның ерекше заңнамасы саласына бағытталған. Онда бағалы қағаздар, операциялар, сондай – ақ нарықтың лицензияланатын кәсіби қатысушылары АХҚО-AFSA комитетімен реттеледі.

KASE және AIX қор биржасын біріктіру туралы ұсынысты Қазақстан президенті Қасым – Жомарт Тоқаев білдірді. Ол Қазақстанның қаржы жүйесі үшін бұл артық екенін айтып, ішкі нарықтың сыйымдылығы мен тартымдылығын арттыру мақсатында «осы биржалардың әлеуетін бірыңғай басқарумен»біріктіруді тапсырды.

Қазан айында Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамберген 2024 жылғы наурызда KASE және AIX бірігу схемасын ұсынуға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыз