Air Astana компаниясының биыл 9 айдағы кірісі күрт өскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Air Astana рекордно нарастила доходы

«Эйр Астана» авиакомпаниясының кірісі қаншалықты өсті? Фото: kursiv.media

Air Astana компаниясының қаңтар-қыркүйек айларындағы жалпы түсімі мен өзге де кірісі $900,6 млн құраған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5%-ға артық. Былтыр 9 айдағы кіріс $747,2 млн болған. Бұл туралы компанияның 9 айлық қаржы есебінде жазылған.

Таза пайда 18,7%-ға өсіп, 72,4 млн долларға дейін (2022 жылдың 9 айында 61,0 млн доллар болды) жеткен. Операциялық кіріс те 11,2%-ға өсіп, 128,9 млн долларды құрады (2022 жылы – 115,9 млн доллар). EBITDAR (пайыз, салық, амортизация және амортизацияға дейінгі кіріс) 14,4%-ға өсіп, 249,8 млн доллар, ал түзетілген EBITDAR маржасы 28%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 1%-ға аз.

CASK индикаторы (максимум жолаушы километрінің құны) да өскен: $0,058, 2022 жылы сәйкес кезеңде ол $0,054 болған. RPK (жолаушы километріне шаққандағы кіріс) – $11,1 млрд жеткен.

«Жоғары инфляция мен Airbus NEO ұшақтарының Pratt & Whitney 1100 қозғалтқыштарына қатысты туындаған түйткілдерге қарамастан, топ 2023 жылы жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бүкіл нарық қарқынды өсім көрсетіп және 2021 жылдың ортасынан бері байқалған күшті сұраныстың азайғаны байқалады», – деді Air Astana Group президенті Питер Фостер.

Компания президенті іскерлік және демалыс сапарлары айтарлықтай өскенін атап өтті. Шығыс және Оңтүстік Азия бағыттары да жақсы жұмыс істеп тұр.

Осы кезеңде әуе компаниясы тасымалдаған жолаушылар саны 12%-ға өсіп, 6 млн адамға жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 600 мыңға артық. Ұлыбритания, Түркия, Үндістан, Таиланд, Өзбекстан, Грузия және Парсы шығанағына рейстер саны артқан.

Желтоқсан айының басында әуе компаниясына билет бағасын көтергені үшін 900 миллион теңге айыппұл салынғаны белгілі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратура органдарымен бірлесіп Air Astana әуе компаниясын тексерген

Тексеріс кезінде ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Air Astana әуекомпаниясы жолаушылардың барлық санаттынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды.

Сонымен қатар, әуекомпаниясы ішкі рейстердің бағасын 2024 жылдың соңына дейін көтермеуге міндеттелді. Сонымен қатар, алдағы уақытта жанармай алымын алуды тоқтатуды көздейтін заңнамаға түзету енгізілуі мүмкін.

«Эйр Астана» акцияларын келесі жылы IPO-ға шығару жоспарланған. «Эйр Астана» IPO-ға шығады деп жүргелі біраз жыл болды. 2020 жылы қор нарығына шығуы тиіс еді, кейін 2 жылға шегеріліп, сосын IPO 2023 жылы өтеді делінді. Компанияның 49 пайыз акциясына иелік ететін британдық BAE Systems IPO-ны халықаралық қор биржасында өткізуді талап еткен.

«Эйр Астана» компаниясының 51% акциясы – «Самұрық-Қазына» қорына, ал 49% акциясы британдық BAE Systems компаниясына тиесілі. BAE Systems (Kazakhstan) Limited — әуе, құрлық, теңіз бен ғарышта қорғаныс және аэроғарыш жүйелерін әзірлеп жеткізетін британдық BAE Systems plc еншілес кәсіпорны.

Сондай-ақ оқыңыз