Президент 2024 жылдан кәсіпкерлерді тексеру екі есеге, бизнеске салынатын айыппұл бірнеше есе қысқарады деп сендірді
Қазақстанда сын-қатерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылы іске қосылып, нәтижесінде кәсіпкерлерді жоспарлы тексеру саны екі есе қысқарады. Ал бизнеске салынатын айыппұл қататары бірнеше есе азаяды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтары иегерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, үкімет пен бизнес-қоғамдастық бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін артық талаптарды тексерген. Соның нәтижесінде, 10 мыңнан астам заң нормасы жаңа реттеуші саясаттың негізгі талаптарына сай келмейтіні анықталған.
«Бүгінде оның 90 пайызы күшін жойды. Қалғаны жыл соңына дейін ретке келтіріледі. Сын-қатерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі бақылаушы органдардың бизнеске қысымын шектеудің маңызды құралына айналады», деді ол.
Сын-қатерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылы іске қосылып, нәтижесінде кәсіпкелерді бей-берекет тесеру азаймақ
Ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады және адамның қатысуынсыз тексеруді белгілеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бизнеске жоспарлы инспекция жасау екі есе қысқарады. Ал айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды», – деді Президент.
2020-2022 жылдары ел президенті жарлығымен кәсіпкерлердің жұмысын барып тексеру, профилактикалық бақылау мен қадағалауға үш жылға мораторий енгізілген еді.