2024 жылы зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегі өзгерісcіз қалады
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының шешімімен 2024 жылға арналған төменгі жеткіліктілік шегі 2023 жылдың деңгейінде қалады.
«Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау (2023 жылмен салыстырғанда өсірмей, өзгеріссіз қалдыру) ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты», – деп түсіндірген БЖЗҚ.
ТЖШ есептеу Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл әдістеме 2023 жылдың 30 маусымында жарияланған. Әдістемеге сәйкес, 2024 жылы төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді пайдаланылды:
1) ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.
Ең төменгі жеткіліктілік шегі – ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері.
Айта кетейік, 2022 жылдың 1 желтоқсанында 2023 жылға арналған ТЖШ туралы бекітілген. Алайда 2023 жылдың 30 маусымында ТЖШ жайлы әдістемеге өзгеріс енгізілген.