Президент 2026 жылы IT индустрия экспортын 1 млрд долларға жеткізуді тапсырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Президент 2026 жылы IT индустрия экспортын 1 млрд долларға жеткізуді тапсырды / коллаж kursiv.media

«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтары иегерлерін марапаттау рәсімінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылға қарай IT индустрия экспортын 1 млрд долларға жеткізу міндетін жүктегенін айтты.

«Елімізде IT секторы қарқынды дамуда. Озық мемлекеттер экономикасындағы бұл саланың үлесі жыл сайын ұлғайып келеді. Былтыр отандық IT индустрия экспорты бес есе өсті. Мен оның көлемін 2026 жылға қарай бір миллиард долларға жеткізу міндетін жүктедім», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, президент Қазақстанның жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайту және ел аумағында ірі халықаралық IT компаниялардың кеңселерін ашу және жасанды интеллект жүйесін құру мәселесін көтерді.

«Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Сондықтан бұл бағытқа өзім жетекшілік етемін және шетелдік, отандық мамандармен кездесемін, сондай-ақ жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймын»,– деді Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз