CNPC мен «Қазмұнайгазға» тиесілі компания үстемдігін теріс пайдаланғаны үшін 500 млн теңге айппұл төледі

Жарияланды
«Petrosun» ЖШС
«Petrosun» ЖШС аппеляциялық сотта жеңіліп, бюджетке 542,9 млн теңге айып төледі /Фото: kursiv.media

Алматы прокуратурасы «Petrosun» ЖШС-нің өз қызметін теріс пайдалынып келгенін анықтады. Атап айтқанда, компания нарықта өз үстемдігін жүргізіп, бензин мен дизель сатуда негізсіз шектеулер қойып отырған.

Прокуратура тексеріс барысында серіктестіктің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғанын, оның жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегенін анықтаған. Атап айтқанда компания нарықтың жекелеген субъектілеріне АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны саудасын негізсіз шектеген.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

«Бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган кірістің 5% мөлшерінде айыппұл салды»,- делінген прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Компания бұл айыппұлмен келіспей, аппеляциалық сотқа жүгінген. Алайда апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырған. Солайша, монополист компания мемлекет бюджетіне 542,9 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Ал монополист компания – «Petrosun» ЖШС-не келер болса, бұл компанияның құрылтайшылары КННК Интернационал мен «Қазмұнайгаз» комнаиялары. ЖШС-нің бірінші жетекшісі – Инь Сянцин деп көрсетілген. КННК Интернационал компаниясы – Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясына (CNPC) тиесілі. Оның жетекшісі – Ван Шенцзы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырау облыстық прокуратурасы мұнай қалдықтарын рұқсатсыз жинаған компанияға 1 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды. Атап айтқанда, прокуратура 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталғанын анықтаған. Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, сот қаулысы заңды күшіне енген.

Сонымен бірге БҚДА Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның заң бұзғанын анықтады. Агенттік оған тиесілі Сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне 324 млн теңге айыппұл салды. Агенттіктің хабарлауынша бұл компания да нарықта монополия орнатып, нарыққа басқа субъектілердің кіруіне кедергі келтіріп келген.

Сондай-ақ оқыңыз