Жаңалықтар

АДБ Қазақстанның экономикалық өсіміне қатысты болжамын жақсартты

Фото:7 күн

Азия даму банкі Қазақстанның ЖІӨ өсімі бойынша болжамын 2023 жылы 4,5%-ға жақсартты. Ал 2024 жылға арналған болжамды 4,3 %деңгейінде сақтап қалды.

«Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстанның 2023 жылға арналған экономикалық өсу болжамын қыркүйектегі 4,1% – дан 4,5% – ға дейін жақсартты»-делінген банктің желтоқсандағы жаңартылған болжамында.

Елдің 2024 жылға арналған ЖІӨ өсімінің болжамы 4,3% деңгейінде қалды.

«2023 жылдың алғашқы 9 айында Мемлекеттік бағдарламалар қолдайтын мұнай өндіру мен тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны 4,7% – ға артты. Тау – кен өнеркәсібі 5,4% – ға, құрылыс 12,6% – ға, қызмет көрсету 5,1% – ға және өңдеу өнеркәсібі 3,2% – ға өсті», – делінген ақпаратта.

Бұл ретте қолайсыз ауа райы жағдайлары ауыл шаруашылығы өндірісінің 9,9% – ға төмендеуіне әкеп соқтырғаны атап өтілді.

«Үкімет Парламентке 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджетті ұсынды. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған мұнай болжамдары қайта қаралды», – деп деді АДБ.