Jar-Jar және Kelоğlan коллекциялық монеталар айналымға шығады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Ұлттық Банк

Қазақстан Ұлттық Банкі Jar-Jar және Kelоğlan коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталар интернет-дүкені арқылы 2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап сатылады. 

Jar-Jar монетасы туралы:

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясымен шығатын монеталар қалыңдықты ұзату тойы аяқталып, оң босағадан аттанар алдында орындалатын қазақ халқының ежелден келе жатқан жар-жар әніне арналады. Монеталар күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 3 000 (үш мың) дана»-делінген хабарламада.

Күміс монеталардың бейнесі

МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 10 000 (он мың) дана;

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі 

МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі 

Kelоğlan монетасы туралы:

Бұл монета Қазақстан аумағын мекендейтін көптеген диаспораның халық ертегілерін ұсынатын «Қазақстан халқының ертегілері» сериясын жалғастырады.

Kelоğlan – түрік мифологиясы мен халық мәдениетіндегі батыл да ақылды әрі жанашыр сиқыршы.

Монеталар:

күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, эмаль жағу технологиясы қолданылған, салмағы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

Күміс монеталардың бейнесі

МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 10 000 (он мың) дана;

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі 

– МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз