Ұлыбритания экономикасы қазан айында 0,3 пайызға қысқарды. Бірақ экономистер мұндай өзгерістерді күткен жоқ, деп жазады Reuters агенттігі
ЖІӨ көрсеткішінің төмендеуі ағымдағы жылдың шілдесінен бастап алғаш рет тіркелді. Енді кейбір сарапшылар, атап айтқанда, Ұлыбританияның Capital Economics бас экономисі Пол Дейлс, елдің экономикасы әлі де құлдырау қаупінде деп санайды.
Бұл ретте, болжамдарға сәйкес, орталық банк өзінің инфляцияға қарсы қатаң желісі шеңберінде 14 желтоқсанда Банк мөлшерлемесін 5,25 пайыз деңгейінде сақтайды.
Ұлыбританияның қызмет көрсету секторы қазан айында 0,2 пайызға төмендегенің хабарлады. Сондай-ақ, өнеркәсіптік өндіріс және құрылыс та төмендегені атап өтілді.