Қатты аяздан Теміртауда су құбыры қатып, халық ауызсусыз қалды
Теміртауда ауызсу құбыры қатып қалды. Бұл жайлы жергілікті әлеуметтік парақшалар жазып жатыр.
Қаланың шығыс бөлігі ауыз сусыз қалды. Нәтижесінде бірнеше кварталдарға су бармай қалған. Ішінара Абай және Чайковский көшелерінің де үйлері судан ажырап қалған.
«21-ші орта мектеп, 3-ші қалалық аурухана, балалар ауруханасы, 1-ші емхана мен Әубәкіров атындағы гимназия ауыз сусыз қалды»,- деп жазады жергілікті әлеуметтік парақша.
Қазіргі уақытта шұғыл ерекет ететін бигада жұмыс істеп жатыр. Олар қатып қалған құбырлалырды жылытуға кіріскен.
Тұрғындардан ауызсудың жоқтығына байланысты шағым түсе бастаған. Дүкендерден су тез сатылып, көпшілік суға қол жеткізе алмай қалған.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсан күні «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС Екібастұз жылу электр орталығында апат болғанын хабарлады. Станцияның күл шығаратын құбырынан ақау шыққан болатын.
Ал 8-ші желтоқсанда Степногорск қаласы жартылай жылусыз қалды. Онда жылу құбырлар жүйесінде апат болған.
Балқаш қаласында осы жылдың 9 желтоқсанында сағат 22.55-те Абай және Әбдіғалиев көшелерінде диаметрі 630 мм жылу желісінің құбырына зақым келді. Ал Ақтау қаласында 10 желтоқсанда сағат 09.00-де 11а шағын ауданында диаметрі 800 мм жылу желісінің зақымданды. Ал Көкшетау қаласында Сәтбаев көшесіндегі 82 үйдің жанында диаметрі 700 мм жылу желісінің құбыры жарылды.
Осы мәселеге байланысты Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері Президентке аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді. Тоқаев оларға апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды тапсырды.