Шымкентте әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындамағы үшін жер қойнауын пайдаланушылармен 7 келісім бұзылды
Шымкент қаласының прокуратурасы 17 жер қойнауын пайдаланушының өздеріне алған келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған, деп хабарлайды.
«Мемлекеттен пайдалы қазбалары бар жерлерді алғанда жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар шарттарды, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындауға міндеттенеді.Алайда барлық жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттерін адал орындамаған», – деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты прокуратура қасақана бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау бойынша қадағалау актісін енгізген.
Осының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін қайтарды.
Ал 10 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар оларға жер беру үшін негіз болған 6 млн теңге сомасында шарттарды орындады.
Сондай-ақ прокурорлар ешқандай құқық белгілейтін құжаттарсызжер қойнауын заңсыз өндірудің 5 фактісін анықтап, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.