Қазақстанда экономикалық өсім драйвері болып келген экспорттық-шикізаттық сектордың әлеуеті төмендеп бара ма?

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: kursiv.media

Отыз жылдан аса уақыт бойы шикізат экспорты Қазақстанда экономикалық өсімінің драйвері болып келді. Сондықтан да бұл саладағы кез келген түйткіл экспорттық әлеуетті, оның ізін ала экономикалық өсімді баяулатып тастайды. Сарапшылардың айтуынша, биыл күздегі егін жинау кезіндегі құлдырау қыркүйекте экономикалық өсімді біршама әлсіреткен. Жыл басында 5 пайыз болған өсім 9 айдың қорытындысы бойынша 4,7%-ға дейін төмендеді.

Қара күзде ауыл шаруашылығы ғана емес, инвестициялық белсенділік те төмендеп кеткен. Дегенмен соған қарамастан, өндірістің көп саласында ептеген алға басушылық та жоқ емес. Мәселен, мұнай өндірісі жылдық мәнде 26,3 пайызға көбейді. Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында құрылыс саласы да әжептәуір қарқын қосты (+12,6 пайыз). Сонымен қатар сауда саласы да әдеттегідей алға озды.

Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнім өсімі бойынша болжам 4,8 пайыз деңгейінде сақталады. Оны әзірге төмендетуге негіз жоқ. Себебі мұнай бағасы қазір тәп-тәуір траекторияда, ал өндіріс потенциалы алдағы айларда одан әрі кеңейе түспек. Сонымен бірге, бюджеттік ынталандыру да ішкі сұранысқа қолдау көрсетіп, бұл ретте әлсіреген теңге экспорттаушылар мен бюджет кірісін ұлғайтып жатыр. Алдыңғы айлармен салыстырғанда инфляциялық қысым да біраз тежелді. 

Halyk Finance-тың үшінші тоқсанға арналған макроэкономикалық есебінде елдегі өнеркәсіптік өндірістің 4,4 пайызға өскені (2022 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда) айтылады. Өндіруші сектор – 5,4 пайызға, өңдеуші сектор – 3,2 пайызға, мұнай өндірісі 8,4 пайызға өсім көрсеткен.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Қазақстан шағын ашық экономика ретінде сыртқы факторлардың ықпалына түсіп отыр деп есептейді.

«Шикізат пен азық-түліктің жаһандық экспорттаушысы болып саналатын Ресейге қатысты ауқымды санкциялар (6 мыңнан астам) жеткізілім тізбегіндегі қиындықтарды тереңдетті. Энергетикалық және азық-түлік нарықтарын жаңа қайта бөлу жүріп жатыр, олар энергия өткізу процестеріне әсер етеді және азық-түлік қауіпсіздігі тәуекелдерін күшейтеді. Жоғары инфляция және экономикалық құлдырау тәуекелі түріндегі «қос соққы» байқалады»,– дейді.

Сарапшы сөзінше, нарықты монополияландыру, шикізат салаларының үстемдігі, өнімділігі төмен еңбек нарығы экономиканы терең әртараптандыру және шығару мен экспортты қиындату үшін кедергілерге айналды.

«Шығару мен экспорттың күрделілігі төмен деңгейде қалып отыр, бұл ретте негізгі капиталға инвестициялар шикізат секторында шоғырланған. Экспорт құрылымында шикізат секторының үлесі 67 пайызды, өнеркәсіпке инвестициялар құрылымында 76 пайызды құрайды. Экономиканың елеулі бөлігі өнімділігі төмен жұмыс орындарымен ерекшеленген. 2010 жылдан бастап жұмыс орындарының тек 20 пайызын өнімділігі жоғары салалар құрды, ал өнімділігі төмен секторларда жұмыс орындарының 38 пайызы құрылды және оларда мемлекеттің қатысуымен салалар басым. Жеке сектор жаңа, тұрақты және өнімді жұмыс орындарын іс жүзінде құрмайды. Нарықтарды монополияландыру нәтижесінде ЖІӨ құрылымында корпоративтік сектордың таза пайдасының үлесі негізінен шикізат салалары есебінен 45 пайыздан 51 пайызға дейін өсті және еңбекақы төлеу үлесі 34 пайыздан 31 пайызға дейін төмендеді»,– дейді Олжас Төлеуов.

Сарапшы сөзінше, соңғы 15 жылда еңбек өнімділігінің жинақталған өсуі халық табысының нақты өсуінен 62 пайыздық тармаққа артта қалып отыр. Мемлекеттік бюджет құрылымындағы өндірістік шығындар үлесінің төмендеуімен шиеленісетін фискалдық теңгерімсіздіктер күшейе түсті. Соңғы 5 жылда бюджеттің шығыс бөлігі оның шығыс бөлігін толық қамтамасыз етуге қабілетті жеткілікті кіріс базасымен бекітілмеген.

Esperio компаниясының аналитигі Нұрбек Ысқақов ұзақ уақыт бойы ел экономикасы өсімінің драйвері болып келген экспорттық-шикізаттық сектор өз мүмкіндіктерін жоғалтып алды дейді.

«Егер тап осылай жалғастыра берсек онда алдағы бес жылда Қазақстанның ЖІӨ-сі 1-2 пайызға дейін құлдырайды. Енді экономикалық дамудағы басымдық өңдеуші секторға берілуге тиіс. Алайда экспорттық тауарлық құрылымына қарайтын болсақ, онда үлкен түйткілдерге кез боламыз. Өйткені экспортталатын тауарлардың 85 пайызы не таза шикі тауарлар, не өңделу үлесі аз тауарлар. Бұлар ел экономикасын жеделдету үшін құн қосуда нақты драйвер бола алмайды. Сондықтан қазір өңдеуші өнеркәсіптің бүкіл секторын проблемалық деп айта берсек болады. Әрине, даму динамикасы жоғары фармацевтика, тамақ, сусын өнімдерінің өндірісі секілді салаларды алға тартып, бұл уәжге қарсылық білдіруге болатын шығар. Алайда бұл ауқымдағы өндіріс Қазақстанның жаңа экономикалық даму деңгейіне өтуіне және ұзақ мерзімді үрдіске айналып бара жатқан өсім қарқынының баяулауын тоқтатуға қабілетті емес»,

«Егер тап осылай жалғастыра берсек онда алдағы бес жылда Қазақстанның ЖІӨ-сі 1-2 пайызға дейін құлдырайды. Енді экономикалық дамудағы басымдық өңдеуші секторға берілуге тиіс. Алайда экспорттық тауарлық құрылымына қарайтын болсақ, онда үлкен түйткілдерге кез боламыз. Өйткені экспортталатын тауарлардың 85 пайызы не таза шикі тауарлар, не өңделу үлесі аз тауарлар. Бұлар ел экономикасын жеделдету үшін құн қосуда нақты драйвер бола алмайды. Сондықтан қазір өңдеуші өнеркәсіптің бүкіл секторын проблемалық деп айта берсек болады. Әрине, даму динамикасы жоғары фармацевтика, тамақ, сусын өнімдерінің өндірісі секілді салаларды алға тартып, бұл уәжге қарсылық білдіруге болатын шығар. Алайда бұл ауқымдағы өндіріс Қазақстанның жаңа экономикалық даму деңгейіне өтуіне және ұзақ мерзімді үрдіске айналып бара жатқан өсім қарқынының баяулауын тоқтатуға қабілетті емес», дейді ол.

дейді ол.

Сарапшының пайымынша, шикізат секторындағы салық жүктемесін арттыру есебінен жылдық 2-3 пайызбен бизнеске несие беретін жеңілдетілген бағдарламалар шығару, өңдеуші секторға арналған мықты бюджеттік ынталандырулар түріндегі тәсілдер арқылы экономика стратегиясын түбегейлі өзгерткен орынды.  

«Өңдеуші сектор жоғары қарқынмен даму үшін елдің электр энергия жүйесі де мықты болуы қажет. Сонымен қатар білікті кадрларды даярлау да жоғары қарқынмен жүргізілгені жөн. Қазір бізде мұның бірі де жоқ»,– дейді Нұрбек Ысқақов.  

Қалай болғанда да кемі он-он бес жыл шикізатқа арқа сүйейміз. Ол – ақиқат. Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мұнай кен орындарының әлеуетін арттыру, мұнай экспорттау бағыттарын әртараптандыру ісінің ұзақ мерзімді мәні бар. Ақыры шикізатқа арқамызды сүйеген соң тапқан өнімді сатуды ғана ойластырмай, оның орнын толтыруды да ойластыру керек қой. Белгілі ғалым, геолог Серікбай Дәукеев солай дейді.

«Кен орындарын пайдалану кезінде олардың қорын толықтыруды да ойластырған абзал. Ол үшін табиғи жер қойнауын пайдаланудың тиімді және қарапайым жүйесін құру керек. Алайда бізде осы салаларға жауапты министрліктер орынсыз шешімдер қабылдап, түйткілді одан сайын тереңдетіп жатыр. Бәрі бір қолда. Энергетика министрлігі өндірумен, келісімшарт жасаумен айналысады. Өнеркәсіп министрлігі де пайдалы қазбаларға жауапты. Қазба байлықты қорғау және пайдалану мәселесін шешумен құрамына әртүрлі ведомство өкілдері кірген ведомство аралық комиссия айналысуы тиіс. Мәселен, геология комитетіне геологиялық зерттеуге, Энергетика министрлігіне мұнай өндіруге құқық берілсін. Бірақ оның құрамына әртүрлі министрліктердің – экономика, қаржы, сыртқы істер және т.б. өкілдері кіретін ведомствоаралық жұмыс комиссиясы болса. Сонда сауатты шешімдер қабылданып, сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі барынша азаяр еді, өйткені әртүрлі министрлікпен келісімге келу қиын»,– дейді академик.

Айтуынша, елдің жер қойнауын сапалы зерттеу ғана жаңа әлеуетті мұнай-газ провинцияларының, кенді аудандардың, жер асты суларының кен орындарының және геотермалдық көздердің пайда болуына әкеледі, бұл кейіннен жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз