ДДҰ электронды темекі өнімдеріне тыйым салуға шақырды

Жарияланды
воз
Фото: reuters; shutterstock; freepik

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекіге қатысты саясатты өзгертуге шақырды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Ұйым бұл жағдайға байланысты жоғары өнім салығы мен қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салуды ұсынды.

ДДҰ айтуынша, электронды темекі денсаулыққа зиян және темекі шекпейтін адамдарға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде никотинге тәуелділікті тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, ДДҰ мәліметтері бойынша, агрессивті маркетинг 13-15 жас аралығындағы темекі шегетін жасөспірімдердің көбеюіне ықпал етеді.

ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс барлық елдерді қатаң шаралар қабылдауға шақырып: «балалар бұл тұзаққа тез түседі және олар никотинге тәуелді болуы мүмкін», — деді.

Айта кетейік, Қазақстанда электронды темекіге толық тыйым салынуы мүмкін деп хабарладық.

Сондай-ақ, Қазақстанда вейпке толық тыйым салу туралы шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз