2024 жылы петиция жарияланатын жаңа платформа іске қосылады-Ақпарат министрлігі

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: shutterstock

Қазақстан Президенті қазан айында қол қойған «Петициялар туралы» заң 2024 жылдың сәуір айында ғана күшіне енеді. Қазіргі уақытта бұл заңмен реттелмеген және қарастырылмайды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді.

 Данияр Қадыров 2024 жылы сәуір айында петиция жарияланатын жаңа платформа іске қосылатынын айтты.

«Жаңа платформаға автоматты түрде ауыстыруға мүмкіндік болмайды, яғни қайтадан қол жинау керек. Онлайн тәртіпте жаңа платформада дауыс тез жиналады. Бұл платформа сәуір айында іске қосылады. Бұл тұрғыда әр азаматта петицияны жариялауға заңды құқығы болады. Себебі заң қазан айында қабылданды, оның күшіне енуі 6 айдан кейін болады. Сондықтан келер жылдың сәуір айында онлайн-петиция жұмысын бастайды. Бұл тұрғыда петиция жариялауға барлық заңды негіз болады», – деді Д. Қадыров.

Неліктен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы петиция жарамсыз.

Оның айтуынша, 150 мың дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның Қазақстанда заңды күші жоқ.

«Әр азаматтың дауысы өте маңызды. Азаматтар «eOtinish» арқылы өтініш беруге құқылы. Сәуірде петицияға арналған платформа жұмыс істей бастайды, қазақстандықтар өздерінің заңды құқықтарын пайдалана алады.Қоғамдағы резонанстық мәселелерге міндетті түрде назар аударылады», – деді вице-министр.

Петицияны Үкіметте қарау үшін қанша дауыс жинау керек. Мәслихат деңгейінде кемінде 2500, үкімет деңгейінде 50 мыңнан аса дауыс жинау керек.

Сондай-ақ оқыңыз