Solva акционерлердің құрылымын өзгертті

Жарияланды
Фото:Solva, Shutterstocк

Solva микроқаржы ұйымы акциялардың 10% – дан астам үлесі бар меншік иелерінің құрамын өзгерту туралы есеп берді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайты хабарлады.

БАӘ астанасы Абу -Дабиде тіркелген Neo Crystal Holdings Ltd компаниясы Solva-ның жаңа акционері болды. Бірақ компанияның нақты меншік үлесі көрсетілмеген. Компания өкілдері «Курсивке» Solva «меншік құрылымына жоспарлы өзгерістер енгізіп жатқанын айтты. Компания желтоқсан айының ортасында ақпаартты егжей-тегжейлі жариялауға уәде берді.

Қазіргі уақытта Solva акционерлерінің құрамы екі компаниядан тұрады. Neo Crystal Holdings Ltd-ден басқа, бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) резиденті болып табылатын Solva Group Ltd.

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің (AFSA) деректері бойынша компанияның меншік иелері қазақстандық кәсіпкерлер Борис Батин мен Александр Дунаев, сондай-ақ сингапурлық Rekamado Pte Ltd және Mutineers Pte Ltd болып табылады.

Сондай — ақ, Solva жалпы номиналы 20 млн еурооблигациялар шығаратынын жариялады. Solva бас директоры Константин Барабанов компания жиналған қаражатты шағын және орта бизнеске несие құруға бағыттайтынын айтты.

Жылдың басында Solva бизнесті екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін хабарлаған болатын. Компания жарғылық капиталды банкке қажетті ең төменгі 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Қазіргі уақытта реттеушілер трансформацияға әлі рұқсат берген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз