«2024 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімді?»

Жарияланды (жаңартылды )
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Демалыс алуға тиімісіз ай – наурыз/ Фото: shutterstock; freepik

HeadHunter (hh.kz) – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі жұмыс іздеу және кадрларды таңдау бойынша жетекші онлайн-платформа.

HeadHunter Қазақстан компаниясы бұл шолуды HeadHunter сайтында (hh.kz) жарияланған жұмыс берушілердің бос орындары мен үміткерлердің түйіндемелеріне талдау жасау негізінде дайындаған.

Демалысты қай кезде алу керектігі компанияның жоспары, жеке бас жағдайы мен мерекелердің күнтізбесі сияқты бірнеше факторға қатысты болады.

Егер көп күн демалысты қай уақытта алу керек екенін айтар болсақ, онда мерекелік және демалыс күндерді ескеру керек. Сонда еңбек демалысының аз күндерін пайдаланып, ұзақ демалуға болады. Мысалы, демалыс немесе мереке күндерін есепке ала отырып, ұзақ демалыс немесе бір апталық демалыс алуға болады. Ал егер ақша жағынан тиімді болуды ойласақ, онда біршама ойлану керек.

2024 жылы демалысты сәуір, шілде және қыркүйек сияқты жұмыс күндері (22 жұмыс күні ) көп айда алған тиімдірек. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, наурыз айы демалыс алуға тиімсіз, себебі бұл айда жұмыс күні тек 17 күн. Неге тиімсіз дейтін болсаңыз, бұл жұмыс істеген күндерге демалыс және еңбек ақысын есептеумен байланысты дер едік. Еңбек жалақысы айдағы жұмыс күндерінің санына бөлінеді де, жұмыс істеген күндерге көбейтіледі.

Демалыс күндерін есептегенде орташа біркүндік ақыны анықтап алу керек, ал ол тек жұмыс күндерінен ғана емес, сондай-ақ күнтізбелік күндерден есептеледі. Егер демалыс тек жұмыс күндеріне түссе (мысалы, дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі), онда демалысқа шыққан адамға осы күндерге орташа біркүндік ақы төленеді. Орташа біркүндік ақысы оның қызметтік ақысынан алынады. Алайда демалыс күндерін қосып алса,еңбек демалысы тиімді болады, демалыс күндері жұмыс күндеріне төленетін ақыны азайтпайды, бірақ еңбек демалысы күндерін есептегенде ескеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз