Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Алматы ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лар 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай жұмыс істемейді.
«Мемлекеттік корпорация 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды. Ал, дүйсенбі 18 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар ғана қабылдайды»,- делінген хабарламада.
Ал 19 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.
«Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайды. Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді»,- деп ескертеді корпорацияның баспасөз қызметі.
Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Солайша тәуелсіздік мерекесінің сенбі күніне түсуіне байланысты демалыс күні дүйсенбі 18-не дейін ұзартылады. Бұл күндері банктер мен басқа да мекемелер жұмыс істемейді.
Жалпы, қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады. Ал Жаңа жыл қарсаңындағы екі күн, яғни 30-31 желтоқсан сенбі-жексенбіге түседі.