Кеңес Рақышевтің Amanat сақтандыру компаниясы Қазақстан қор биржасынан делистинг жасайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Кеңес Рақышевтің Amanat сақтандыру компаниясы Қазақстан қор биржасынан делистинг жасайтынын мәлімдеді. Бұл шешім жайлы ақпарат қор биржасының сайтында орналастырылған.

Қор биржасынан ерікті кету туралы шешімді жалғыз акционер шығарған. Осы шешімді орындау компанияның Басқарма төрағасы Ернар Нұрғалевке жүктелген.

Бұған дейін ҚНРДА бұрынғы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Ескендіровке кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тиесілі болған «Аманат» сақтандыру компаниясының капиталындағы ірі үлесті сатып алуға рұқсат берген еді.

Рұқсат алынған меншіктің нақты үлесі жарияланбады. Тек Ескендіровтің енді «Amanat» сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесіне ие екені айтылған. Бұл өз кезегінде «сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда оның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, оның ішінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде өзінің меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау міндетін көздейді».

«Аманат» сақтандыру компаниясы толығымен Fincraft инвестициялық үйіне тиесілі, оның акционері соңғы уақытқа дейін кәсіпкер Кеңес Рақышев болды. Былтыр күзден бастап 2023 жылдың сәуіріне дейін өз үлесін біртіндеп азайтты.

Кеңес Рақышев  – кәсіпкер, венчурлық инвестор. Ол «БТА Банк» АҚ, Sirin Labs, Net Element директорлары кеңесінің төрағасы. Кеңес Рақышев Моше Хогегмен бірге Singulariteam қорының іргесін қалады. Оның портфелінде InfinityAR, Stox, Mobli, Intelagent, Beyond Verbal, General Robotics, StoreDot, Effective Space, Sprylogics, Meta и Yo сияқты компаниялар бар. 

 Кәсіпкерге тиесілі «Fincraft Group» тобына енетін (үлесі 76%) «Fincraft Resources» АҚ мұнай-газ саласындағы «ARK Petroleum» ЖШС-нің 50%-ына иелік етеді. .

Сондай-ақ оқыңыз