2024 жылы мұнайға деген сұраныс айтарлықтай азаяды – Халықаралық энергетика агенттігі
Фото: kursiv.media
2024 жылы әлемдік нарықта мұнайға деген сұраныс айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Халықаралық энергетика агентігі (IEA) ірі мемлекеттерде экономикалық белсенділік әлсірегендіктен, жаһандық нарықта мұнайға деген сұраныс баяулап жатқанын ескертеді.
Агенттік 2023 жылдың соңғы үш айындағы тұтыну болжамынан тәулігіне шамамен 400 000 баррельге қысқарып, келесі жылы да өсім баяулайды деп тұжырымдайды Бұл ретте АҚШ, Бразилия және Гайана елдеріндегі өндірістің артуы Сауд Арабиясы мен ОПЕК+ елдері қысқартқан өндіріс орнын толтырмақ.
Оған қоса Үндістанның мұнайға деген сұранысы күрт төмендейді. Өйткені пандемиядан кейін қатты өскен тұтыну көлемі Қытай нарығының соңын ала азайып барады.
Кейбір болжамдар мұнай тұтыну көлемі 2024 жылы тәулігіне 150 000 баррельге ғана өсетінін айтады. Салыстыра болсақ, 2021 және 2023 жылдар аралығындағы тәуліктің тұтыну көлемі шамамен 290 000 баррель болған. Сонымен қатар, ХЭА Үндістандағы сұраныс өсімі екі есеге төмендеп, тәулігіне 100 000 баррельді құрайды деген болжам жасайды.
Айта кету керек, қыркүйек айынан бері мұнай бағасы шамамен 23%-ға арзандады. Оған Қытайдың экономикалық болжамы нашарлап, бірқатар экспорттаушы елдегі өндірістің артуы себеп.
Қазан айында мұнай бағасы антирекорд орнатты. Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің құны бір күнде 5,11 долларға арзандады. Financial Times басылымы бұл кейінгі 14 айдағы ең нашар көрсеткіш екенін жазды.
Мұнайдың арзандауы Қазақстан сынды елдерге қиын тиеді. Мәселен, еліміздің мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, қаңтар-тамызда Қазақстан шетелден мұнай жеткізуден 27,9 млрд доллар табыс тапқанымен, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл – 14,5%-ға немесе 4,7 млрд теңгеге кем көрсеткіш.
Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі шамамен 10%-ға қысқарған. Бұған Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы (МАЭК) апат тікелей әсер етті. Электр қуатының шектелуіне байланысты Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жалпы алғанда 10%-ға, ал тәулігіне 1,5-2 млн тоннаға қысқарды.
Желтоқсанның басында ОПЕК+ елдері 2024 жылдан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 2 млн баррельге қысқартуға келісті. ОПЕК-тің мұнай көлемін қысқартуға келіскеніне қарамастан, Brent және WTI маркалы мұнай бағасы тағы құлдырап кетті. Сол күнгі саудада Brent бағасы барреліне 75,63 долларға, WTI бағасы барреліне 70,74 долларға дейін төмендеді.
Ал Қазақстан келесі жылдан мұнай өндірісін тәулігіне 82 мың баррельге қысқартады.