Жаңалықтар

Астана мен Алматыда Тәуелсіздік күніне байланысты қандай іс-шаралар өтеді?

іс-шаралар

Тәуелсіздік күніне орай еліміздің екі ірі қаласында мерекелік іс-шаралар өтеді /Фото: kursiv.media

Астана мен Алматыда Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар өтеді. Бұл күні екі қалада көрмелер мен концерттер, сурет байқаулары мен түрлі турнирлер, спартакиадалар өтеді.

Астанада:

  • 13-15 желтоқсанда «Жансая» орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.
  • 14-16 желтоқсанда «Барыс-Аренада» жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнир өтеді.
  • 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.
  • 15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде «Тәуелсіздік жолында» архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.
  • Сонымен қатар, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.
  • 15 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.
  • 15 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Астана» СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы өтеді.
  • 15 желтоқсанда «Beeline Arena» спорт кешенінде алғаш рет «ІВА Чемпиондар түні» — «Astana Arlans» бокстан турнир өтеді.
  • 15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.
  • 16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің «Атамекен» спектаклін ұсынады.
  • Сол күні сағат 18.00-де М.Горький сахнасында «Әлия» спектакль-драмасы өтеді.
  • 16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.
  • 17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Спартакиада өтеді.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өткізіледі. Бұл шараның басты мақсаты – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Ал Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша оңтүстік астанамызда ел Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған іс-шаралар 15 желтоқсаннан басталады.

Алматыда өтетін іс-шаралар келесідей:

  • 15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен «Тәңір сыйы – Тәуелсіздік» атты кездесу ұйымдастырылады.
  •  Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді.
  • Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында «Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
  • Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
  •  16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты өтеді.
  • 18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та «Тәуелсіз елдің ұрпағы» зияткерлік ойыны өтеді.