Freedom Broker 2024 жылы инвестиция салуға тұрарлық акцияларды атады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Freedom Broker Amazon акцияларын 2024 жылы инвестиция салуға тұрарлық дейді. Фото: REUTERS/Brendan Mcdermid/File Photo

Freedom Broker 2024 жылы инвестиция салуға тұрарлық, тартымды акциялар тізімін жасады. Олардың қатарында Amazon сынды технологиялық компаниядан бастап, денсаулық сақтау және жылжымайтын мүлік саласындағы компаниялардың бағалы қағаздары бар. Осы ретте «Курсив» сарапшылар оң баға беріп отырған 6 компания акциясын жариялайды.

Amazon. Компанияның акциялары үшін Freedom Broker мақсатты бағаны $180 деп белгілеп отыр. Бұл көрсеткіш 13 желтоқсандағы сауда жабылған кездегі бағадан 21% артық. Сарапшылардың пікірінше, Amazon – ірі технологиялық компаниялардың ішіндегі ең төмен бағаланатын компания. Freedom сарапшылары 2023 жылы өз бизнесін қайта құрылымдаған компания басым бағыттарды дамытуға назар аударып, табысын айтарлықтай жақсартады деп санайды.

Alphabet. Аталмыш компания акцияларының мақсатты бағасы 151 долларды құрайды. Бұл 13 желтоқсандағы саудадан 14% артық. Компанияға жасанды интеллект нарығына шығуға көмектескен бұлтты бизнес – Google Cloud-тан үшінші тоқсанда түскен табысы бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 22%-ға өскен. Алайда бұл нарық күткендей нәтиже емес. Дегенмен, Freedom мамандары нарықтың теріс реакциясы компания акцияларын сатып алуға тамаша мүмкіндік ашады деп тұжырымдайды. «Ал Google Cloud кірісі өсіміне алаңдаудың қажеті жоқ: ол әлі де екі таңбалы болып тұр, көрсеткіштердің құбылмалылығы салыстырмалы түрде жас AI индустриясы үшін табиғи нәрсе», – деп атап өтті брокер.

BioMarin. Бұл сирек және ауыр ауру түрлерін емдеуге арналған қымбат дәрі шығаратын биокомпания. Ахондроплазия (сүйек өсу бұзылыстары) бар науқастар ішетін мықты дәрі – VOXZOGO-ны шағаратын компания қарқынды дамып келеді, деп атап өтті Freedom Broker. Ол сонымен қатар 2024 жылы гемофилиямен ауыратын ересектерді емдеуге арналған ROCTAVIAN дәрісін шығаруы керек. Акциясының мақсатты бағасы 109 долларды құрайды, бұл 13 желтоқсандағы сауда бағасынан 10,6% артық.

Welltower  – жылжымайтын мүлік аласындағы инвестициялық қор. Сарапшылар компанияның мақсатты клиенттер қатары алдағы уақытта жоғары қарқынмен артады деп есептейді. Мақсатты бағасы  –$95, бұл 13 желтоқсандағы сауда бағасынан 4,6% жоғары.

Mondelez International. Alpen Gold, Milka және Oreo брендтеріне иелік ететін компанияның кірісі өсіп жатыр және оның операциялық маржасы Packaged Foods орташа көрсеткішінен жоғары, деп жазды Freedom Broker. Компанияның қарыз жүктемесі айтарлықтай төмендеген: Freedom мамандары бұл мөлшерлеме көтеріліп жатқан кезде тәуекелді азайтып, компанияны одан әрі кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашады деп атап өтті. Акциясының нысаналы бағасы – $88, ол 13 желтоқсандағы сауда соңындағы көрсткіштен 20,4% жоғары.

Baidu. Брокердің пікірінше, қытайлық іздеу жүйесінің акцияларының нысаналы бағасы 155 долларды құрайды: бұл Nasdaq биржасында 13 желтосандағы сауда бағасынан 38%-ға артық. Baidu 2024 жылы интернет-жарнама нарығын қалпына келтіруден пайда таба алады. Орта мерзімді уақытта акция бағасының өсіміне жасанды интеллект себеп болуы ықтимал.

Контекст

JPMorgan бұған дейін Alphabet пен Amazon акцияларын 2024 жылы инвестиция салуға тұрарлық акциялар қатарына жатқызған. Олардан бөлек, тізімге Uber такси қызметі, Tinder иесі  – Match Grou, смарт-теледидар өндірушісі Vizio және америкалық сақтандыру компаниясы – EverQuote кіреді.

JPMorgan Alphabet және Uber компанияларын 2024 жылы инвестициялауға болатын ең жақсы акциялардың қатарына жатқызды

Citigroup-тың активті басқаратын Citi Global Wealth бөлімі алдағы екі жылдағы 10 қызықты инвестициялық мүмкіндіктерін тізіп шықты. Компания нақты компаниялардың бағалы қағаздарын ұсынбайды, бірақ қай салаларда жоғары кіріс күтуге болатынын айтады.

Сондай-ақ оқыңыз