Биыл елімізде алаяқтар 97 миллиард теңгеге жуық қаржыны қолды қылған
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде «Алаяқтық» бабы бойынша 40,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ға көп. Бұл туралы Finprom хабарлады.
Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа қатысты: 19,9 мың жағдай, жылдық өсім — 5,8%. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде төлем карталарын пайдалана отырып (267 жағдай), кредит беру саласында (53 жағдай), ақшалай қаражатты қарызға алу жолымен (41 жағдай) және т.б. алаяқтық әрекеттер тіркелген.
««Алаяқтық» бабы бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматыда тіркелді: 8,5 мың жағдай — бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,4% – ға аз. Бұдан әрі Астана (6,5 мың жағдай, плюс 8,9%) және Қарағанды облысы (3,3 мың жағдай, плюс 24,9%).
Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытауда (397 жағдай — өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп), Қызылорда (615 жағдай, минус 0,8%) және Жамбыл (806 жағдай, минус 2,3%) облыстарында тіркелді»-делінген хабарламада.
Биылғы жылдың он бір айының қорытындысы бойынша алаяқтық құқық бұзушылық жолымен келтірілген залалдың белгіленген мөлшері 96,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 4,2%-ға аз. Оның басым бөлігі мемлекетке келтірілген шығын болды: 54,2 млрд теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7,7 млрд теңге. Тағы 3,7 миллиард теңге заңды тұлғаларға, 38,5 миллиард теңге жеке тұлғаларға келтірілген залал.