Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды

Қазгидромет ел аумағында 17 желтоқсанда болатын метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар түсуі мүмкін. Еліміздің батысында қар қалың жауып, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі», — делінген хабарламада.

Республиканың тек солтүстік, шығыс өңірлеріне антициклон сілемі әсернен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз сақталады.

ҚР бойынша желдің күшеюі болжануда.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы 16-21 желтоқсан аралығында елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа райы күрт бұзылуы ықтимал.

Алдағы бірнеше күнде бірқатар аймақта қатты жауын жауып, температураның төмендеуі, көктайғақ болып, екпінді жел тұруы, осының салдарынан жолдың көрінуі қиындауы мүмкін.

Сонымен қатар, 16-17 желтоқсан аралығында циклон Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағынан өтіп, қалың қар жауып, екпінді жел тұрып, боран соғуы ықтимал.

18 желтоқсаннан бастап циклон елдің солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне ауысып, күн күрт бұзылады.

Сондай-ақ оқыңыз