Жаңалықтар

Fly Arystan-ның Air Astana құрылымынан шығуы билеттердің қымбаттауына әкелуі мүмкін – Марат Қарабаев

Фото: Асқар Ахметуллин және shutterstock

Көлік министрі Марат Қарабаев Fly Arystan әуе компаниясының Air Astana құрылымынан шығуы қазақстандықтарға қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Министрдің айтуынша, Air Astana акцияларының 51%-ы «Самұрық – Қазынаға», ал 49% – ы британдық BAE Systems компаниясына тиесілі.

Марат Қарабаев сондай-ақ Fly Arystan Air Astana құрылымынан шыққан кезде қазақстандықтар үшін ықтимал тәуекелдерді атап өтті.

«Біз бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарықта компаниялар көбірек болуын және бұл бәсекелестікке әсер етуі үшін Fly Arystan-ның Air Astana құрылымынан шығаруды ұсынатынын айттық. Сарапшылардың пікірінше. бұл авиабилеттердің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін. Өйткені қазір кезде Fly Arystan Air Astana құрылымында жеке заңды тұлға ретінде жұмыс істемейді. Яғни оларда бір бухгалтерия, бір қызмет көрсететін персонал, бір байланыс-орталығы, бір техникалық персонал және бір қосалқы бөлшектер базасы бар. Осының есебінен шығыс бөлігі қысқарады. Осылайша әуе билеттерінің құнын казіргі Fly Arystan деңгейінде сақтау мүмкіндігі бар, — деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Бұған дейін Air Astana компаниясының 9 айлық қаржылық есебі, оның ішінде жалпы түсімі мен өзге де кірісі $900,6 млн құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5%-ға артқанын жазғанбыз.