Жаңалықтар

Еуропада инфляция қарашада 2,4%-ға дейін баяулады

Фото:shutterstock

Еуропада  инфляцияның жылдық деңгейі қараша айында 2,4%-ға дейін баяулады. Ал қазан айындағы көрсеткіш 2,9 пайызды құрады. Сондай-ақ, бір жыл бұрын инфляция көрсеткіші 10,1% деңгейінде болды. Бұл туралы Еуростат хабарлады.

Еуропалық Одақтағы жылдық инфляция 2023 жылдың қарашасында қазан айындағы 3,6  пайызбен салыстырғанда 3,1 пайызға дейін баяулады. Ал бір жыл бұрын ЕО-да инфляция 11,1% деңгейінде болғаны белгілі.

Инфляцияның ең төменгі жылдық көрсеткіштері Бельгияда (-0,8%), Данияда (0,3%) және Италияда (0,6%) тіркелді.

Ал ең жоғары-Чехия (8,0%), Венгрия (7,7%), Словакия және Румыния (екеуі де 6,9%).

 Қараша айында энергия бағасы 11,5% – ға төмендеді. Азық-түлік, алкоголь және темекі өнімдері 6,9% – ға қымбаттады, қызмет көрсету құны 4% – ға өсті. 

Инфляцияның айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, өңірдегі тұтыну бағаларының өсу қарқыны Еуропалық орталық банктің 2% – дық нысаналы көрсеткішінен әлі де жоғары болып тұр.