Қараша айында инфляция 17 өңірде бәсеңдеді – Ұлттық банк

Жарияланды
Фото:shutterstock

2023 жылдың қараша айында елде жылдық инфляция баяулап, 10,3% -ды құрады. Аймақтар бойынша инфляция 17 өңірде бәсеңдеді. 

Бұл ретте, қараша айында елдегі айлық инфляция 1% болды.

Ең жоғары жылдық инфляция мәні Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелді.

Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 9,2%-ға дейін ж/ж (қазанда – 10,4%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (12,4%) тез, ал Шымкент қаласында (6,8%) баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 9,9%-ға дейін ж/ж баяулады (қазанда – 11,1%). Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,2%), ал ең төмен мән Алматы облысында (7,7%) тіркелді.

Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 12,0%-ға дейін ж/ж өсті (қазанда – 11,0%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Түркістан облысында (18,1%) біршама жоғары, Астана қаласында (8,4%) айтарлықтай төмен өсті.

Айта кетейік, Үкімет қосымша құн салығы мөлшерлемесін өсірудің инфляцияға әсерін түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыз