Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының мерзімін шартты жазамен ауыстыру туралы өтініші қабылданбады 

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Қайрат Сатыбалдыұлы мерзіміне бұрын шартты түрде босатуға өтініш берді/Фото: gov.kz және shutterstock.com

«Қазақтелеком» АҚ-дағы жымқыру ісі бойынша алты жылға сотталған, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының мерзімінен бұрын шартты босатуға берген өтініші қанағаттындырылмай қалды, деп хабарлайды BES.media.

Істің мәнісі қандай?  Қайрат Сатыбалдыұлы Шығыс Қазақстан облысындағы сотта 24 қарашада қамауда отырғанына екі жыл толғанын айтып, бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыруды сұраған.  

Сот қандай шешім шығарды? Сот Қайрат Сатыбалдыұлының «тәртіп бұзатынын және мінез-құлқы тұрақсыз» екенін алға тартып мерзімінен бұрын шартты түрде босауға өтініш беруіне әлі ерте деген қорытындыға келген.

«Сотталған Қайрат Сабыталдыұлының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға айырбастау туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын», – деді сот.

Контекст.  

2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы дүние-мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Қазақтелеком» мен «КСО» АҚ аса ірі көлемде ақша жымқыру іс бойынша сотталды.  

Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің екі бабы «алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылған болатын.

Әлеуметтік желіде сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екені туралы айтылып, соған байланысты kursiv.media заң талаптарына шолу жасаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз