Amazon және Games Workshop Warhammer негізінде фильм түсіреді
Amazon.com Inc компаниясы Warhammer 40 000 ойынының негізінде фильмдер түсіреді.
Компания Warhammer 40 000 ойыны негізінде фильмдер мен телехикаяларды әзірлеу үшін атақты британдық Games Workshop Group-пен келісімге отырған.
Мәміле бойынша Amazon компаниясы Content Services Warhammer 40 000 ойынына эксклюзивті құқықтар алған. Warhammer 40 000 үстел ойынынан технофэнтезиге құрылған үлкен франшизаға айналып кетті. Қазір бұл ойын негізінде кітаптар жазылып, комикстер түсіріледі. Сонымен бірге компьютерлік ойындар да бар.
Компанияның баспасөз хабарламасында Warhammer 40 000 ғаламын экранға шығару үшін британдық актер Генри Кавилдің продюсерлік етуімен жазу тобы жиналған. Генри Кавилл «Ведьмак» сериалындағы Ривиялық Геральт және «Тюдорлардағы» Чарльз Брэндон рөлімен танымал.
Компанияның хабарлауынша, туындыны жарыққа шығару үшін 2-3 жыл кетеді.
Games Workshop акциялары дүйсенбі күнгі саудада 1,7%-ға қымбаттады. Компанияның нарықтық құны осы жылдың басынан бері 16,2%-ға өссе, ал FTSE 100 биржалық индексі 2,2%-ға артқан.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың басында Amazon әлемдегі ең қымбат брендке айналды. Ол кезде Amazon Apple-ді екінші орынға түсіріп, әлемдегі ең қымбат брендтер тізімінде бірінші орынға орналасқан. Anadolu агентігінің мәліметінше, Джефф Безос бір жылда 51 миллиард доллар құнын жоғалтқанына қарамастан, (350 миллиард доллардан 299,3 миллиард долларға дейін) Amazon-ның басымдығы сақталады.
Ал көктемде Amazon компаниясы 9 мыңға жуық қызметкерді жұмыстан шығаратынын мәлімдеді. Бұл туралы компанияның бас директоры Энди Джесси хабарлады.
«Біз алдағы бірнеше аптада — негізінен AWS, PXT, Advertising және Twitch-те 9 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартуға ниеттіміз. Бұл қиын шешім болды, бірақ компания үшін бұл ұзақ мерзімді перспективада ең жақсы шешім», — деді Джесси.