Жаңалықтар

Ресей қазақстандықтар үшін азаматтық алу тәртібін жеңілдетті

Ресей азаматтығын
Ресей азаматтығын алу тәртібі жеңілдейді / Фото: shutterstock

Ресей қазақстандықтар үшін азаматтық алу тәртібін жеңілдетті. Владимир Путин тиісті жарлыққа қол қойды.

Президент жарлығы Ресейдің нормативтік құқықтық актілерінің электрондық базасында жарияланған. Бұл жарлыққа сәйкес, Беларусь, Қазақстан және Молдова тұрғындары Ресей азаматтығын оңайлатылған тәртіппен ала алады.

Беларусь, Қазақстан және Молдова азаматтары 18 жасқа толған соң Ресей азаматтығына тапсыра алады. Беларустар Ресейде тұруға рұқсат алу үшін жеке басын және азаматтығын растайтын құжаттар ұсынуға тиіс. Ал қазақстандықтар мен молдовалықтар азаматтық алу туралы өтініш беріп, орыс тілін білетінін растауы қажет болады. Сонымен Ресей заңнамасынан тест тапсыруы мүмкін. Ал беларустықтарға соңғы екі талап қойылмайды.

Ресей азаматтығын алуға ниетті азаматтар Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің бөлімшесіне өтініш бере алады. Бұл бөлімшелерге құжаттарды тексеріп, азаматтық беру туралы шешім қабылдау тапсырылған.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ресей өзінің «шетелдік агенттер» тізімін Қазақстанға беретіні туралы айтылды. Ресей Думасының елдің ішкі ісіне шет мемлекеттерінің араласу фактілерін тексеру жөніндегі комиссиясы ТМД Парламентаралық Ассамблеясындағы серіктестеріне «шетелдік агенттердің» тізімін беру туралы шешім қабылдаған.

Комиссия төрағасы Василий Пискарев Ресейде «шетелдік мүддені» қорғайтындар туралы ақпарат ТМД елдерін де қызықтыруы мүмкін деп санайды. Ол Достастық елдері парламентшілерінің басты міндеті – шетелдіктердің елдің ішкі ісіне араласу әрекеттеріне бірлесіп қарсы тұру екенін айтқан. Ол ТМД елдеріндегі серіктестеріне Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін 110 шетелдік ҮЕҰ-ның тізімін беретінін мәлімдеген.